Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Отандық кәсіпорындар қызметкерлерін қысқартып жатыр

Жыл басынан бері қызметкерлерін қысқартқан кәсіпорындар саны 170-ке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіндегі еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді деп жазады LS.

Студенттер үшін «Жемқорлыққа жол жоқ!»

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Қаратаев, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің «Электроэнергетика» бөлімінің меңгерушісі Ф.Мұстафин қатысты.

Мемлекеттік қызметкерге алдымен елжандылық керек

Жуырда ғана Астанада VIII экономикалық форум өтіп, оған әлемнің 90-нан аса елінен кәсіпорындардың атқарушы директорлары, саясаткерлер, ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысты. Атап өтерлігі, осы жиында шетелдік сарапшылар Қазақстан Президенті  ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарды өте жоғары бағалады.

Мемлекетке қызмет ету – асқақ абырой

«Алда тұрған мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады».

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті

Сыбайластықпен бірлесе күресуге шақырды

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің ОҚО бойынша департаментi мен Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен жуырда Ордабасы ауданының орталығында «Бiздiң таңдау – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты iс-шара өттi. Онда «Аудан тынысы», «Мемлекеттiк қызмет: бүгiнi мен болашағы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бiрiгейiк» атты көрмелер ұйымдастырылды.

Отандық өнімнің өрісі кең

Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» және индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған Индустрияландыру күніне қатысты. Іс-шара алдында Мемлекет басшысы жаңа айшықты жобалармен және отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен танысты, сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» атты көрмені аралап көрді. Жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар жобалары іске қосылды.

Құқықтық сабақ өткiзiлдi

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi ОҚО бойынша департаментiнiң консультант-мамандары Шымкент қаласындағы №6506 әскери бөлiмiнiң қызметкерлерiмен кездесу өткiздi. Жиынды әскери бөлiм командирiнiң тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Қ.Жүнiсов жүргiзiп отырды.

Каспий жағалауында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылында Каспий теңізінің жағалауында әмбебап спорт кешені ашылды. Оны Солтүстік-Каспий жобасының операторы - құрылыс компаниясы салды. 

ОҚО әкімі жас мамандардың жұмыссыз қалмауын талап етті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов берілген тапсырмаларының орындалуы туралы кезекті жиынын Түлкібас ауданында өткізді.

Ірі жобалар ілгері жылжып келеді

Астана қаласында қазіргі заманғы және қуатты технологиямен жабдықталған контейнерлік алаңы бар көліктік-логистикалық орталықтың (КЛО) құрылысы аяқталуға жақын. Дер кезінде қолға алынған жалпы құны 151 миллион доллар тұратын ауқымды жобаға «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «КТZ Express» АҚ арқау болуда.