Астана қаласында қазіргі заманғы және қуатты технологиямен жабдықталған контейнерлік алаңы бар көліктік-логистикалық орталықтың (КЛО) құрылысы аяқталуға жақын. Дер кезінде қолға алынған жалпы құны 151 миллион доллар тұратын ауқымды жобаға «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «КТZ Express» АҚ арқау болуда.
ОҚО әкімдігінде ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелесі жөнінде жиын өтті.
Маңғыстау облысына келетін шетелдік туристердің саны 2013 жылмен салыстырғанда (191 турист), 2014 жылы (453 турист) 2,5 есеге артты. Жергілікті туроператорлар берген бұл ақпаратты Маңғыстау облысы Туризм басқармасының бастығы Гүлжан Байжауынова мәлім етті.
Биылғы жылы Түркістанда 600-ге жуық үй табиғи газға қосылады.
Биылғы жылы Маңғыстау облысында апатты мектептер мәселесі толық шешіледі, деп хабарлады брифинг кезінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.
Жыл басында қызылордалық жас мемлекеттік қызметші Мұратбек Санақұлының киім үлгісі әлеуметтік желі пайдаланушыларының көзайымына айналған-ды. Жағасы мен жеңі ұлттық оюмен көмкерілген ақ костюм алыстан «менмұндалап» тұр. Бастамаға атыраулық зейнеткер Сергей Алпатанов пен «Алаш айнасы» газетінің ұжымы да қолдауларын білдіріп жатты. Дегенмен, уақыт өте келе желідегі әңгіменің екпіні басылып қалғандай. Бастама жақсы, бірақ неге игі істі жүзеге асыру үшін биліктің бұйрығы керек? Мәселен, іргедегі қырғыз ағайын айыр қалпағын, өзбектер тақиясын ешбір бұйрықсыз-ақ ұлттық брендке айналдырып алды емес пе?!
Адамзат тарихында жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биігі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға биыл 70 жыл. Ұлы Отан соғысының жеңімпаздары туралы сөз еткенде қазақстандық ғалымдардың ерлігі туралы да айтпай кету мүмкін емес. Қан майданның алдыңғы шебінде өлімге бас тігіп, ерлік көрсетсе, соғыстан кейінгі жылдары отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып, мемлекетіміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен жанның бірі – Абдулла Арипов.
Кімнен жасырамыз, біз жоғалтқаны көп халықпыз. «Жоғалтқанымыз көп» дегенде ишаралап отырғанымыз алтын мен күміс емес. Алпыншақ-салпыншақ кімге жолдас болған дейсіз?! Кімге опа берген дейсіз?! Біздің айтып отырғанымыз алтын-күмістен де қымбат – рухани құндылықтарымыз.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Алтын белгі иегерлері мен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті.
Шымкентте кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі өтті, оған техникалық кәсіпті меңгерген жастар қатысты.