Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Қазақстанда 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды

Осы жылдың маусым айының көрсеткіші бойынша, еліміздің 8,6 млн. адамы жұмыспен қамтылған болатын. Өткен жылға қарағанда олардың саны 63,1 мың адамға көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Нұр Отанның» жалған қызметкері 6 жылға сотталды

Көкшетауда өзін «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алып беретін болып алдап, жұрттың ақшасын жиып алған, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Ақтөбеде Елбасына мақтанышпен көрсетілген үйлерді су басты (ВИДЕО)

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспаналар сыр берді. Жаңадан салынып жатқан Нұр Ақтөбе шағын ауданындағы пәтерлерді өткен түнде су басты. Жаңбыр суы төбеден сорғалап, тұрғындарды әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Маусымда «піскен» қарбыз қауіпті

Маусым айында саудаға түсетін қарбыздардан нитраттармен улану мүмкіндігі артады. Астана қаласы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандары осындай хабарлама жасап отыр. «Ең жылдам» пісетін сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай піседі. Сондықтан қарбыздарды жеудің қолайлы уақыты —  тамыз бен шілде айлары» дейді мамандар, деп хабарлайды «Қазақпарат».

ЖАСТАР АРАСЫНДА «ПАТРИОТТЫҚ» ЖЕЙДЕЛЕР СӘНГЕ АЙНАЛДЫ

Осы аптаның сәрсенбісінде қазақстандық жастар арасында патриоттық жазуы бар жейделер пайда болды. Батырларымыз бен ғалымдарымыздың, жазушылардың, сондай-ақ, «Алашорда» қайраткерлерінің аталы сөздері жазылған жейделер жастар арасында сәнге айнала бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елорда мерекесінен түскен ақшаға отыздан астам бала емделеді

Елорданың тойынан жиырма бес миллион тенге қаражат жиналған, деп хабарлайды Skifnews.kz.