Әлеумет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Әлеумет

Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыз жүрген жастардың саны артып келеді деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Елімізде ақыл-есі дұрыс емес адамдар көбейіп барады! Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер жыл басынан бері психикасы ауытқығандар саны 220 мыңға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл тек ресми тіркеудегілері ғана. Шын мәнінде, ауруын жасырып жүргендер тым көп деп жазады KTK.

Алматыдағы жолаушылар тасымалымен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі автобустағы жол ақысын бірден 320-330 теңгеге дейін өсіру керектігін айтып отыр. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.

Бірнеше күннен бері көшеге шығып, наразылық акциясын ұйымдастырған жаңаөзендік бұрғылау компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен жолыққаннан кейін үйлеріне тарқасты деп жазады Tengrinews.kz.

Салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша жаңа заңға сәйкес қаржы секторында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Жыл сайын өзге өңірлердегі секілді Маңғыстауда да «Мектепке жол» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Биыл облыс орталығында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тәрбиелеп жатқан 800 балаға көмек берілді дейді Ақтау қалалық білім басқармасының бас маманы Гауһар Тілеуқұлова.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ОҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия «БҰҰ-Әйелдер» Орталық Азиядағы көпмемлекеттік офисі үйлестірушілерімен бірлесіп, «Әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету» тақырыбында семинар өткізді.

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мәжілісінде екі мәселе қаралды. Әуелі, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың алдында қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жағдайы және сапасы туралы қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов баяндама жасады.

Күні кеше Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен білім күніне орай 200 орындық мектеп пен 100 орындық балабақша ашылып, ел игілігіне тапсырылды.

Азық түлік бағасы, коммуналды қызмет түрлеріне тарифтің шарықтаған тұсында Түркістан қаласындағы қоғамдық көлікте жолақы өзгеріссіз қалды деп жазады Otyrar.kz. Ол 30 теңгені құрайды. 2012 жылы автобустарда 40 теңге деп бекітілген бағаны тасымалдаушы компания халықтың жағдайын ескеріп, 10 теңгеге төмендеткен екен. Дағдарыс қанша қыспаққа алса да осы баға 4 жыл бойы өзгермей келеді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші