Бүгінгі сөз 22.07.2017 сағат 18:27

Қоғам белсенділері Қарағандының 5-арнасын «сепаратизмды насихаттады» айыптауда (ВИДЕО)

Қазақстанның қоғам белсенділері Қарағандыдағы 5-арна басшыларын заң аясында жазалауды талап етіп отыр. Себеп - телеарна өз эфирінен Украинаның Донбасс қаласында болып жатқан әскери қақтығысты, атап айтқанда, соғысып жатқан ресейшіл тарапты насихаттайтын деректі фильмді көрсеткен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы танымал экономист Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған фильмде Донбастағы сепаратистердің «ерлігі» туралы насихатталған.

«Кеше Қарағандының 5-арнасынан Донбасс сепаратистері туралы, олардың қалай соғысып жатқаны туралы, ерлігі туралы деректі фильм көрсетілді. Бізде мемлекеттік идеология деген атымен бар ма? Әлде әркім өз бетімен кете бере ме? Ішкі саясат бөлімдерінің жұмысы қайда?», - деп жазды М.Тайжан.

Мұнан кейін Қарағанды облыстық әкімдігінің өкілдері 5-арна басшыларының халықтан кешірім өтінгенін, эфирге жауапты редактордың тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын. Алайда, желі қолданушылары бір ғана кешіріммен мәселеге көз жұма қарауға болмайтынын тағы да алға тартты.

«Қалай екенін білмеймін, бірақ жазалау қажет. Жай ғана кешірім сұрау аздық етеді. Телеарнаның лицензиясын тартып алу керек немесе ірі көлемде айыппұл салынсын. Ал, редакторды жұмыстан қуу керек», - деді М.Тайжан.

«Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев та телеарна басшыларын жауапкершілікке тарту қажеттігін айтып отыр.

«Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін, терроризмді насихаттағаны үшін аталған телеарнаның лицензиясы кері қайтарылсын», - деп жазды Шораев өзінің Facebook-парақшасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар