Бүгінгі сөз 23.08.2017 сағат 12:04

Лаңкес Руслан Күлекбаевтың әйелі намаз оқуды қойып кеткен

Алматыда теракт жасап, өлім жазасына кесілген салафит Руслан Күлекбаевтың әйелі Аяулым Үмбетқұлова қазір ата-анасымен және үлкен ағасымен бірге Алматы облысында тұрып жатыр. "Караван" тілшілері оның туыстарымен сұхбаттасып, қазіргі жай-күйін сұраған болатын.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аяулымның өзі үйінде болмағандықтан журналистің сұрақтарына оның туысы жауап берген. Оның айтуынша, лаңкес түрмеге отырғалы бері одан ешқандай хабар жоқ.

– Менің білуімше, Русланнан ешқандай хабар жоқ. Тіпті, біз оның қай облыста жазасын өтеп жатқанын да білмейміз. Аяулымның өзі Алматыдағы жеке компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Оның ұлы мен қызы бізбен бірге тұрып жатыр. Үлкені биыл мектепке барады, кішісі үйде. Аяулымның әкесі мал шаруашылығымен айналысады, анасы болса жұмыс істемейді, үйде, – деді А.Үмбетәлиеваның туысы.

– Құдаларыңызбен – Русланның ата-анасымен араласып тұрасыздар ма? Олар ұлдары туралы не айтып жатыр?

– Жоқ, біз оларды мүлдем көрген де емеспіз. Тіпті, олар үйленетін кезде де ата-анасы біздің үйге келген жоқ. Аяулым туралы мәліметтерді де тек телефон арқылы біліп отырдық. Олардың үйленгендерін, Қызылордаға кеткендерін, балалы болғандарын тек телефонмен айтатын. Анда-санда Аяулымның өзі үйіне келіп тұрды. Балаларын да алып келетін.

– Аяулым әлі намазын оқып жүр ме?

– Жоқ, теракт болғаннан бері ол мүлдем намаз оқымайды. Аяулымның әкесі мен ағасы біздің бәрімізге бұл тақырыпта сөйлесуге тыйым салған.

Еске салайық, былтыр 18 шілде күні Қызылорда тумасы Руслан Күлекбаев Алматыда 8 құқық қорғаушы мен 2 бейбіт тұрғынды атып өлтірген болатын. Оның бұл әрекеті теракт деп бағаланды. ҚР ҰҚК-ның сол кездегі басшысы Күлекбаевтың бұған дейін сотты болғанын, түрмеде салафиттермен тығыз байланысқанын мәлімдеді. Сот оны өлім жазасына кесті. Сот отырысында Руслан Күлекбаев өз әрекетіне өкінбейтінін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар