Бүгінгі сөз 13.10.2017 сағат 03:43  1165

Тоқтар Төлешовтің соңғы үйінде қабырға мен шатырдан өзге түк қалмаған (ФОТО)

Шымкенттің сот орындаушылары «сыра королінің» соңғы үйін тәркіледі. Десе де, әкесінен қалған қара шаңырақтан Төлешовтың үлкен ұлы мен бәйбішесі дымын қалдырмай сыпырып әкеткен екен. Кезінде күнгейдің ең бақуатты әулеттерінің бірі тұрған ғимараттың іші қазір «жылан жалағандай» деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сыртынан қарағанда 3 қабатты болып көрінгенімен, сарай негізі 6 деңгейден тұрады. Ауланың өзі кезінде мұнда асқан дәулет пен сәулеттің болғанын байқатып тұрғандай. Таспен безендірілген тоғандардың үстінде өрнектеліп жасалған көпірлер мен альпі тауларының макеті, фонтандар мен сарқырама бар. Бұлардың жанында кезінде сыра королі отбасымен демалған. Ал, Тоқтар Төлешов пен отбасы мүшелерінің суреті қабырғада мозаика түрінде бейнеленіпті. Онда олигархтың өзі сәйгүлік мініп, ата-анасы мен әйел-бала-шағасы қасында тұр.

Дегенмен, сыртынан сәулетті үйдің іші қаңырап қалған. Мұнда күні кешеге дейін  тұрып келген отбасы мемлекетке ештеңе қалдырғысы келмеген сыңайлы. Тіпті, жарық қосқыштар мен сантехникаға дейін жұлынып, есіктердің ешқайсы қалмаған. Едендегі паркетіне дейін жырымдалыпты. Бүкіл үй ішінде бүлінбеген тек терезе сияқты. Ал ауладағы тас плиталар мен аспашамдарды әкеткені үшін Шымкент әкімдігі полицияға шағым түсіріпті. Тоқтардан қалған 4 үй мен 9 жер телімі – енді қала әкімдігінің меншігі. 

Нұрлан Серікұлы, Еңбекші аудандық сот орындаушылары бөлімінің бастығы:

- Аталған үй мемлекет балансына өткізілген. Бұл мекен-жайда борышкерлер тұруына байланысты билік пен сотқа тиісті арыз түсіріп, соттың шешімі бойынша борышкерлер Төлегенов пен Жорабаеваны осы үйді өз еркімен босату жөнінде соттың шешімі шыққан. Бүгінгі күнге борышкерлер өз еркімен үйді босатып, сот шешімі толық орындалды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар