Бүгінгі сөз 17.10.2017 сағат 04:48  791

ЕАЭО-ға крест қоятын кез келді ― Досым Сәтпаев

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын тоқтататын уақыт келді деп есептейді. Өйткені, Одақтың негізін қалаушылар өздері ойлап тапқан талаптарды орындамай отыр дейді ол. Бұл туралы сарапшы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Еуразиялық экономикалық одақта бұған дейін "Мәскеу-Минск" дау-жанжалы өршіген болса, енді бұдан кем түспейтін "Астана-Бішкек" дуэті пайда болады. Сауда соғыстары мен санкция алмасу бұған дейін болған әдіс. Болып жатқан жағдайларға қарағанда, Ақорда осындай қадамға барған секілді», ― дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, егер Қырғызстан Қазақстанмен арадағы экономикалық жанжалды Мәскеудің көмегімен де шеше алмаса, онда жақын уақытта ЕАЭО құрамынан мүлдем шығып кетуі мүмкін. Мәселен, бұған дейін Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымынан шығып кетіп, Еуразиялық одақ секілді ұйымды мүлдем қажет етпейтінін ашық мәлімдеген болатын. Енді мұндай қадамға Қырғызстанның да баруы ғажап емес.

«ЕАЭО-дан шыққан жағдайда қырғыз элитасы бірқатар проблемамен бетпе-бет келуі мүмкін. Атап айтқанда, елдегі қоғам екіге жарылып, ЕАЭО жақтаушылары наразылық білдіреді, ал Мәскеудің Бішкекке деген көзқарасы өзгереді. Еуразиялық экономикалық одаққа крест қоятын уақыт жетті, оның негізін қалаушы үш мемлекет ұйымның принциптерін бұзып, аққу, шортан һәм шаянды еске түсіреді», ― деді Досым Сәтпаев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар