Бүгінгі сөз 20.10.2017 сағат 03:15

Қанат Бозымбаевтың өтірігін өз орынбасары ашып қойды

Бозымбаевтың бензин бағасына қатысты болжамы жалған болып шықты. Сол Энергетика министрінің орынбасары жанармай құны жақында 165 теңге дейін қымбаттайды деп, басшысының сөзін жоққа шығарды. Әйтпесе, алдағы уақытта бензин бағасы 161 теңгеден аспайды деп Қанат Бозымбаевтың сендіргені күні кеше ғана болатын. Министрге қарағанда вице-министр сөзінің жаны бар. Өйткені, қазірдің өзінде елімізде  жанармай құю бекететрінде АИ-92 маркалы бензин 158-160 теңгеден сатылуда деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жанармай тапшылығы біраздан бері Энергетика министрігіндегілердің бас ауруына айналған. Сондықтан қазір түрлі баға айтып, шенеуніктердің өзі шатасып жатыр. Энергетика вице-министрі Бозымбаевтың екі күн бұрынғы болжамын жоққа шығарып, жанармай құнының мұнымен шектелмейтінін ашық айтты. Бақытжан Жақсәлиевтің сөзінен ұққанымыз - қымбатшылықтың көкесі алда. Бензин бағасы қазіргіден әлі 6-7 теңгеге өседі. Басқа жол жоқ. Ресейдің бензинін біздің жанармай құю бекеттеріне жеткізгенше осы баға шығады екен.

Бақытжан Жақсәлиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазір бензин белгілі бір деңгейде қамбаттап жатыр. Біздің ойымызша, АИ-92 маркалы бензиннің литрі 165 теңгеге дейін жетеді. Жанармай тасымалына қатысты қиындықтар шешілген соң, бензин қоры артып, баға төмендеуі мүмкін.

Қазір нарықта жанармай бар. Үкімет Ресейден қажетті бензинді сатып алған. Бірақ бағасы қымбат. Бұған дейін Энергетика министрі қазанның соңында жанармайдың орташа құны 160-161 теңге болады деп еді. Қазірдің өзінде Астанада АИ-92 маркалы бензин 157-158 теңгеден сатылуда.

Басқа өңірлерде де бензин құны 156 мен 159 теңге аралығында. Өзгені айтпағанда, жанармай бағасына қатысты мұнайлы өңірдің жүргізушілері де мұңдарын шағып жүр. Қара алтын үстінде отырса да батыстағы баға да күнде шарықтап барады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар