Бүгінгі сөз 10.11.2017 сағат 05:38  4640

Блогер: «Елімізде дәрігерлер мен еден жуушылар бірдей жалақы алады»

Қазақстандық танымал блогер, қоғам белсендісі Айда Жексен отандық дәрігерлердің жалақысы еден жуушылардың жалақысымен шамалас екенін айтып отыр. Ал, биылдан бастап енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру елдегі медицинаның сапасын жақсартпайтынына ол сенімді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Блогер өз сөзіне дәлел ретінде эндокринолог-дәрігер мен еден жуушының жалақыларын салыстырып көрсеткен.

Сондай-ақ, Айда Жексен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгеннен дәрігерлердің жалақысы өспейтінін айтты. Мәселен, осыдан бірнеше күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігі ақхалаттылардың жалақысын өсіруге бюджетте ақшаның жоқтығын айтып, оның орнына дәрігерлерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беретінін мәлімдеген еді.

"Мемлекет дәрігерлердің жалақысын көтерудің орнына олардың қосымша жұмыс істеуін заңдастырмақшы. Бұл дегеніңіз елдегі медицинаның сапасы күрт төмендейді деген сөз. Соған қарамастан, мемлекет бізді медициналық сақтандыруға ақша төлеуімізді міндеттеп отыр. Ал, осы сәтте Қазақстанда футбол ойнап жүрген легионерлер 85 мың еуро жалақы алады", - деп жазды блогер өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, Қазақстан мен шетел дәрігерлерінің жалақысын салыстыруды ұмытқан жоқ. Мәселен:

Германия
Мейірбике - 2800 еуро
Мейірбикенің көмекшісі - 2000 еуро
Анестезиолог дәрігер - 4500 еуро
Лаборант - 2876 еуро
Мал дәрігері - 3882 еуро
Дәріханашы (фармацевт) 4'119 еуро

АҚШ (жылдық табысы)
Ортопед - 421 000$
Кардиолог - 376 000$
Гастроэнтеролог - 370 000$
Педиатр - 189 000$
Отбасылық дәрігер 195 000$
Эндокринолог және терапевт 196 000$.

Үндістанда дәрігерлердің ең төменгі жалақысы 2000 доллардан басталып, 300 мың долларға дейін жетеді екен.

Ал, Қазақстанның аймақтарында дәрігерлер 60-80 мың теңге жалақыға жұмыс істейтін дәрігерлердің көп екенін айта кеткен жөн.

"Жалақы көрсеткішіндегі осындай айырмашылықтан кейін білікті дәрігерлердің Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтіні айдан анық. Сондықтан олардың басым көпшілігі шетел асып кетіп жатыр. Қазірдің өзінде посткеңестік елдерден шыққан 20 мыңдай дәрігер шетелде жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында қазақстандықтар да көп", - дейді Аида Жексен.

Ол сондай-ақ, МӘМС-ке құйылып жатқан халықтың ақшасының 1 тыйыны да дәрігердің қалтасына түспейтінін айтып отыр.

"Егер МӘМС-ке төлеген ақшамыз дәрігерлердің жалақысына төленсе жалақымнан 5% беруге қуана келісер едім. Бірақ, дәрігерлеріміз одан 1 тыйын да алмайтынына сенімдімін", - дейді блогер.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар