Бүгінгі сөз   01.10.2018   сағат   06:28     1228

«3 жасар қызым өлді, қылмыскер бостандықта»: Астана тұрғыны алкогольді ішімдік ішкен полицейдің жазалануын сұрады

Ішімдік ішкен полицейдің кесірінен 3 жасар қызынан айрылып қалған Астана тұрғыны Жанар Күпенова «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобына осыдан 1 жарым ай бұрын болған оқиғасын жазды.

«3 жасар қызым өлді, қылмыскер бостандықта»: Астана тұрғыны алкогольді ішімдік ішкен полицейдің жазалануын сұрады

«Қосшы ауылында 2018 жылдың 19 тамызында ішімдікке тойып алған ҚР ІІМ-нің полицейі Toyota автокөлігімен қарсы жолға шығып, біздің көлікке соққан еді. Апаттан 3 жасар қызым көз жұмды. Сот 6 қыркүйек күні қылмыскерді қамауға алу туралы шешім шығарған. Кейін ол шешімді үйқамаққа алумен ауыстырыпты. Олар менің қатысуымсыз екінші сот отырысын өткізуге қандай құқы бар?

Енді қызымның көз алдымда күлгенін, ойнағанын көре алмаймын. Ол аз болғандай қылмыскер бостандықта тайрандап жүр.

Құқық қорғау органдарының жұмысына көңілім толмайды. Сол үшін қоғамнан әділдік іздеп жазып отырмын», - дейді Жанар Күпенова.

Соңғы жаңалықтар