Бүгінгі сөз 16.11.2018 сағат 10:18  955

Петр Порошенко: «Путин Украинада келесі жылы өтетін сайлауға килігіп отыр»

Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы қақтығыс келесі жылы Украинада өтетін президент сайлауына дейін реттеледі деп ойламайтынын мәлімдеді.

Петр Порошенко: «Путин Украинада келесі жылы өтетін сайлауға килігіп отыр»
Петр Порошенко
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Украина президенті әкімшілігі Петр Порошенко Путиннің бұл мәлімдемесін сынап, оны «елдегі сайлау науқанына килігу» деп атады.

Сингапурде сөйлеген Путин бейресми «Норманд төрттігі» деп аталатын Франция, Германия, Ресей және Украина басшыларының 2015 жылы Минскіде жасалған келісімді іске асыру талпыныстарынан әзірге «нәтиже жоғын» айтты. Путин Украинада келесі жылы билікке келетін жаңа басшы қақтығысты тоқтатуға күш салады деп үміттеніп отырғанын білдірді.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Святослав Цеголко Facebook-те Порошенконың Донбасстағы қақтығысты бейбіт реттеуді қолдайтынын, бірақ «ешқашан басқыншы елдің ығына жығылып бітімге келмейтінін» жазған.

2014 жылдың көктемінен бері Украина шығысындағы Донецк мен Луганск облыстарының біраз бөлігі ресейшіл сепаратистер қолында тұр. Бұл аймақтағы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар