Бүгінгі сөз 30.11.2018 сағат 04:50  638

26 жастағы ауылдасы жасөспірім баланы зорлаған

Оңтүстік Қазақстанда 26 жастағы ауылдасы жасөспірім баланы зорлаған. Бұл туралы белгілі заңгер Айман Омарова NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне хабарлады.

26 жастағы ауылдасы жасөспірім баланы зорлаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Зорлықтың құрбаны болған жасөспірімнің ата-анасы Айман Омаровадан көмек сұрапты.

«Олар қайғырып отыр. Балаларын 26 жастағы ауылдас жігіт бір емес, бірнеше рет зорлаған. Олар полицияға арыз түсірген. Бірақ тергеуге де, сараптамаға да сенбейді. Тіпті, қарсы тарап қорқытып, оқиғаға куә болған балаларды сөзін қайтып алғызған», − дейді ол.

Сондай-ақ қорғаушы жасөспірімнің ер адам сияқты дамымай, қыз сияқты нәзіктеніп бара жатқанын айтады.

«Ата-анасы балаларының өзін жігіт сияқты қори алмайтынын айтады. Болашағына алаңдайды. Бір ауылда тұратын жігіттен зорлық көрген бала қалайша өмір сүреді? Осыған алаңдайды туғандары», − дейді Омарова.

Баланың ата-анасы нақты детальдарды айтудан бас тартып отыр екен. Десе де бұндай зорлықтың ауылдарында күн санап көбейіп келетінін айтқан олар проблеманың халықаралық деңгейге шығып кету қаупі бар дейді.

«Біздің құқық қорғау органдары да Оңтүстік Қазақстанда болған жағдайды жауып тастағандай, бұл істі де жауып тастауға тырысады. Оларға қайнап тұрған қазанның бетін жаппаңдар дегім келеді. Себебі, жергілікті тұрғындар 26 жастағы күрд жігіттің әрекетіне әбден зығырданы қайнап отыр. Мәселе ұлтта емес. Зорлық істеген адам тиісті жазасын алуы тиіс», − деп сөзін аяқтады ол.

Материал NewTimes.kz ақпараттық агенттігінің рұқсатымен жарияланды.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар