Бүгінгі сөз 30.01.2019 сағат 06:55

Президент несиесін қайтармай жүрген кәсіпкерлерді қылмыстық жауапқа тартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев несиесін қайтармай жүрген бизенсмендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Президент несиесін қайтармай жүрген кәсіпкерлерді қылмыстық жауапқа тартуды тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев еліміздегі қайтарылмаған несиелердің пайызы жоғары екенін мәлімдеді.

«Соңғы 10 жылда экономикада банктердің несиелері 5,5 трлн теңгеге артты. Бұл өсімнің 70 пайызы. Осы уақыт ішінде 7 банк жойылып, 2 банктің жұмысы қайта жанданғандықтан, 5 мрлн теңге сызылып қалған. Яғни, қарыз алушылар осы жылдар ішінде берген ақшаның бәрін қайтармаған. Несиелер уақыт өте келе проблемалы сипат алып, банктердің шарттарды өзгертуге тырысқанына қарамастан, мәселе сол күйінде қалған», – дейді Ақышев.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты екенін атап өтті.

«Көбі ауқатсыз. Өзіндік капиталы жоқ және арзан несиені талап етеді. Бәрі қайта несие алған. Қарыздары өсіп барады», – дейді ол.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев ақшаны қайтармай жүргендерді жазалауды тапсырды.

«Оларға несие береміз бе, әлде тәртіп орнатамыз ба? Құрдымға кетіп бара жатса, солай жүре бере ме? Бұл қылмыстық іс болуы тиіс, және барлық жолмен ақшаның қайтарылуы қамтамасыз етілуі керек. Мен жекелеген Бақылау комитеті туралы (құру – ред.) айтқанда, сен өзіңнің қолыңнан келетінін айттың. Енді бақыла, заңды бердік. Әр акционер өз банкінен ақша жымқырып жүр. Содан кейін олардың соңынан түсеміз. Сол кезде қайда болдыңдар? Бұл нашар жұмыс», – дейді елбасы.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар