Бүгінгі сөз 03.03.2019 сағат 04:45  575

Арман Шораев: «Елдегі орыс мектептерін жапсын деп талап қоюға құқымыз бар»

«Ресей Федерациясында бір де бір қазақ мектебі жоқ! Көп ұлтты мемлекет бола тұра осылай істесеңіздер - сіздердің болашақтарыңыз жоқ». «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев осылай деп Facebook әлеуметтік желісіне жазба қалдырды. Орыс тілінде жарияланған материалды қазақша аударып, еш өзгеріссіз назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Арман Шораев: «Елдегі орыс мектептерін жапсын деп талап қоюға құқымыз бар»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Дәл қазір Мәскеудің орталығындамын. Қарапайым ғана нәрсені түсіне алмай отырмын, құрметті ресейліктер!

Сіздердің іні-қарындастарыңыз үшін біздің елде 1500 орыс мектебі бар. 1 мектепте 2400 славян білім алады деп есептесек, 3 млн 600 славян орысша оқып жатыр. 

Енді 900 мың Ресейдегі қазақтарды есепке алып, математикалық пропорцияға салсақ, онда ең аз дегенде 360 қазақ мектебі болуы шарт.

Сіздер бұндай құқықты қазақтан басқа Ресейде тұрып жатқан татар, кавказдарға да бермей отырсыңдар. Қайда сіздердің көпұлтты мемлекет болғандарың?

Мен сіздердің үкіметке 360 қазақ мектебін ашуды сұрай алмаймын. Алайда өз елімдегі биліктен Қазақстандағы 1500 орыс мектебін жабуды талап ете аламын. 

Әрине сіздер ол кезде маған «фашист», «ұлтшыл» деп атыласыңдар. 

Енді осыдан кейін өздеріңнің кім екендеріңді өздерің айтсаңыздар. Ұлы орыс шовинизм боп қалсаңыздар сіздердің болашақтарыңыз жоқ. Мемлекеттеріңде осындай үлкен сұрақ тұр», - дейді ол.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар