Бүгінгі сөз 23.03.2019 сағат 10:26  429

Мемлекет басшысы облыстарда ысырапқа толы іс-шаралар өткізуді тоқтатуды тапсырды

Өңірлерде имиджік іс-шара деген желеумен өтетін түрлі жиындарды тоқтату керек! Бүгін Түркістанға жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшыларына осындай тапсырма берді.

Мемлекет басшысы облыстарда ысырапқа толы іс-шаралар өткізуді тоқтатуды тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президенттің айтуынша, бұған дейін халықаралық деңгейде өткен шаралар бүгінде нәтижесін берген. Бірақ, өңірлер имидждік шаралар өткізуде жарыспаулары қажет.

«ЭКСПО жаһандық деңгейдегі іс-шара болды. Бірақ, қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайту керек. Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін. Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұндай шараларға ақша шашқанша қаражатты халықтың игілігі үшін жұмсау қажет.

Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз. Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын», - деді ел президенті.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар