Шымкенттік мектеп мұғалімі ЕҰУ профессорын пікірсайысқа шақырды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкенттік мектеп мұғалімі ЕҰУ профессорын пікірсайысқа шақырды

27.12.2016, 15:29

Шымкенттік танымал мұғалім Өмір Шыныбекұлы Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздарын пікірсайысқа шақырды. Бұл туралы педагог өзінің Фэйсбуктағы парақшасында жазған болатын.

Шымкенттегі №41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, Журналистер одағының мүшесі Өмір Шыныбекұлы өзінің негізгі мамандығы - мұғалімдіктен бөлек қазақтілді интернет қолданушыларының арасында да кең танымалдылыққа ие. Балаға білім беруден бос уақытында тарихи тақырыптарда мақала жазып, қоғамның өміріне де белсенді араласады.

Бүгінде тарихшы-мұғалімнің ЕҰУ профессоры Гүлбақыт Меңлібековаға өкпесі қара қазандай. Университеттегі әріптесі отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында "мектеп мұғалімдерінің жақсы киінуі педагогикалық қағидаға қарсы келеді" деп пікір білдірген көрінеді. Онсыз да реформатор-министрлердің түрлі сынағынан қажыған мектеп ұстаздарының бұл ретте өкпесін түсінуге болатындай.

Осы орайда Өмір Шыныбекұлы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздарын пікірсайысқа шақырып отыр. Ал, егер дебаттан бас тартса профессор Меңлібекова мектеп мұғалімдерінен кешірім сұрасын дейді ол.

"Университет мұғалімдерімен өз саламызға қатысты тақырыптарда пікірсайыс өткізуге дайынмын. Мәселен, білім саласы, мұғалімнің мәртебесі, жемқорлық, мектептерге енді келіп жатқан жас мамандардың білім деңгейі сынды тақырыптарда дебат өткізуге болады", - дейді Ө.Шыныбекұлы.

Оның айтуынша, мектеп мұғалімдерінің арасында онсыз да дресс-код сақталған.

"Мұғалімнің жазылмаған киім тәртібі бар ғой. Ер адам: қара түсті костюм-шалбар, ақшыл көйлек, мүмкін болса галстук. Джинсы, футболка немесе түсті көйлек мұғалімге лайық емес. Әйел адамдарға да сол. Оның киімі денеге жабысып, тырысып тұрмау керек", - дейді мұғалім.

Ал, университет мұғалімдері Өмір Шыныбекұлының шақыртуын қабыл алады ма, әлде профессор Меңлібекова мектеп педагогтарынан кешірім сұрайды ма, оны уақыт көрсетер.

Пікір  

+ 0 Николас 27.12.2016 16:07
Так там все буквально и поименно тупые, особенно так называемые "профессора" приезжие из южных регионов страны. Видимо, она тоже из их числа...
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші