Халқы күнін көре алмай жүрген Қазақстанға қырғызды жарылқағаны не теңі? - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Халқы күнін көре алмай жүрген Қазақстанға қырғызды жарылқағаны не теңі?

02.01.2017, 23:43

Қазақстан Қырғызстанға жақын күндері 100 миллион доллар беретіні бұған дейін хабарланған болатын. Бірақ, бұл қаражат қарыз ретінде емес, жай техникалық көмек ретінде аударылады. Мұндай екіжақты келісімге осыдан бір апта бұрын Санкт-Петерборда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды.

Ал, бұл жағдай қазақ қоғамында үлкен пікірталасқа ұласып отыр. Халықтың дені биліктің бұл қадамын түсіне алмай әлек. Өйткені, елдегі тұрғындардың басым бөлігі әлі де баспанасыз. Оның үстіне, күні кеше Қарағанды облысы Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан елдімекенінде 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлап, 9 адам қаза тапты. Ондаған отбасы баспанасыз қалып отыр. Оларды үймен қамту мәселесін жергілікті биліктің шешіп беруі де екіталай.

Осы ретте шымкенттік заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек биліктен қырғызды жарылқағанша қаңғып жүрген өз халқымызды баспанамен қамтуды сұрап отыр.

"Қырғыздарға 100 миллион доллар бергенше, көшіп жүрген қазағына құламайтын үй салып берсе дұрыс болар еді! Халқы киіз мүжіп отыр əркімге жалтаңдап, ал бұлар əркімді жарылқап əлек. Қайыршы болып жүрген халық не үшін ақша аудару керек Қарағандыға! Мемлекет бөлсін керек қаражатты. Халқының қауіпсіздігін, жағдайын жасай алмаса несіне дамыған 30 елге кірдік деп мақтанады?", - деп жазды А.Орынбек өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, аталған қаражатқа Қырғызстан үкіметі шекарадағы кеден бекеттерін заманауи қондырғылармен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Пікір  

+ +7 Гульмира 03.01.2017 01:05
Басканы жарылгаганша оз елынды , кангып журген журтынды ойласандаршы билыкте отыргандар!!!
Жауап беру
+ +4 Айнур 04.01.2017 10:12
Салем баршага ар мемлекеттке акшаны ауызыны лактырмаи оз халыкына бермеисынба бызыдын халык кангып жур кунын коре алмаи билыкте откан адамдар неге жумыстарынды адал аткарындар жем корды куртпаисындарма сендерден томенге деиын жемкор озгеретын уакыт келдыгои озы
Жауап беру
+ +3 ерасыл 04.01.2017 17:50
шаханга пеш салып бер сендерде болса халықта не бар соны ойлайтын кім бар
Жауап беру
+ 0 ким 04.01.2017 22:43
жогарыдагылар елди ойлатдеисинбе оларга барибир
Жауап беру
+ 0 жанат 04.01.2017 23:05
Халыеты ащындыра бермендерши
Жауап беру
+ +1 Бақыт 05.01.2017 22:36
Олар қырғызға жаны ашып тұрған жоқ өз пайдаларын ойлап берді
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші