Қазақстандық әуе компаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қазақстандық әуе компаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды

08.12.2016, 18:56

Қазақстанның әуе компаниялары Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еурокомиссияның бүгінгі ресми шешімінен кейін отандық әуе компанияларымыздың Еуропаға ұшу мүмкіндігіне енді шектеу қойылмайды.

«Құрметті, достар! Бүгін Еуропадан қуанышты хабар жетті. Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес қазақстандық әуекомпаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды. Естеріңізде болса, «қара тізімге» «Эйр Астанадан» басқа барлық отандық әуе компаниялар кірген болатын. Еурокомиссияның бүгінгі ресми шешімінен кейін отандық әуе компанияларымыздың Еуропаға ұшу мүмкіндігіне енді шектеу қойылмайтын болады. Айта кетейік, біз бұл нәтижеге қол жеткізу үшін талай жылдан бері талмай жұмыс істеп келеміз. Соңғы жылдары отандық әуе компанияларымыздың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сай көрсеткіші 65%-дан 74%-ға дейін артты. Ендігі кезекте біз осы көрсеткішті одан әрі жақсартуға, қазақстандық әуе компаниялардың халықаралық талаптарға мейлінше сай болуын қадағалауды жалғастыра береміз. Бүгінде министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын арттыру үшін жұмыс жасап жатыр. Еурокомиссияның бүгінгі шешімі осы жоспарымызды өз деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші