Бүгінгі сөз - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Бүгінгі сөз

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында Санкт-Петерборда Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Семей облысының атынан I Мемлекеттік Дума депутаты Әлихан Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Париж қаласында іс-сапармен болып, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковамен кездесу өткізді. Сапар барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Қоғам белсендісі Ермек Нарымбаевтың әйелі, заңгер Зоя Нарымбаева "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ-ның халықты алдап келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, банк ипотекалық пайызды есептегенде қулыққа басып, салымшыларды кенедей сорып келген екен.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі салафизмге заң аясында тыйым салуды қолға алмақшы. Бұл туралы министр Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмат Ермағамбетов алаяққа алданғанын айтып, полицияға арызданды деп жазады "Диапазон". Ол қызын Назарбаев университетіне жұмысқа орналастыру үшін таныс әйелге 20 мың доллар берген көрінеді. Алайда, соңында не ақша жоқ, не жұмыс жоқ - шенеунік сан соғып қалыпты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлерге ортақ киім үлгісі енгізіледі деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Кейкі батырдың сүйегін жерлеу мәселелері жөнінде кезекті жұмыс кеңесін өткізді.

Еліміз көпұлтты және көпдінді мемлекет болғандықтан соңғы уақытта аралас некелердің тіркелуі жиілеп отыр. Бұл заңды құбылыс. Дегенмен, мұсылман мен христиан өкілдері көңіл жарастырып, үйленген жағдайда, олардан туған баланы сүндеттеу керек пе, әлде шоқындыру ма? Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездескен Орал және Ақтөбе архиепискобы Антоний айтып берді деп жазады Times.kz.

Ақтөбеде 5 маусым күні теракт жасаған лаңкестердің соты жалғасып жатыр. Сот отырысы "жабық" деп жарияланған. Дегенмен, жергілікті "Диапазон" порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, оқиғаның жаңа деректерін мәлімдеді. Басылымның жазуынша, Ақтөбеде қырғын салған содырлардың бірі бұрын арнайы жасақтың құрамында борышын өтеген екен.

Мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты туындаған дауға мүфтият араласып, ислами тұрғыдан өз пікірін білдірді. Естеріңізге салайық, бүгінде "діндар" ата-аналар жалпыға ортақ мектеп формасынан бас тартып, кішкентай қыздарын хиджабқа орап мектепке жіберетін болған. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұның дұрыс емес екенін және осы елдің азаматтары болғандықтан баршамыз оның заңдарына бағыну міндетіміз екенін айтып отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші