Дәулет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Дәулет

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кеше ғана дүниеге келген өңірдің 2 миллионыншы тұрғыны Нұрсұлтанның ата-анасына жаңа пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Forbes журналы жыл сайынғы әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады. Жаһандық тізімде бес қазақстандық миллиардер тізімге енген деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Ұянык барша Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр. 

Астанада Наурыз мейрамына орайластырылған шаралар 5 алаңда және 10 тұрғын алабында ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ОҚО жасөспірімдер кітапханасы мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары бірлесіп, «Бесік жыры – тәрбие бастауы» атты жас келіндер байқауын ұйымдастырды деп жазады Otyrar.kz. Облыстан жиналған 14 келіншек қазақы салт-дәстүрді қаншалықты жақсы білетінін өз өнерлерімен көрсетті.

Алматылық әйел тұңғышын 51 жасында босанды деп жазады Almaty.tv. Қаладағы перинатология орталығында 30 жылдан бері құрсақ көтере алмай келген келіншек, дүниеге қыз бала әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жастағы әйелдердің алғаш рет босануы - ерекше құбылыс екен.

Түркі халықтарына ортақ абыз – Қорқыт атаның ұрпаққа қалдырған мәдени жәдігерлерінің ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енетін күні жақын деп жазады Хабар-24. Сөйтіп, қазақ сахарасында туған ұлы тұлғаның күллі рухани туындысы барша адамзаттың құнды мирасқоры саналып, арнайы қорғауға алынбақ. 

5 ақпанда Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай 500 миллиардердің тізімін жариялады. Алайда, олардың қатарында қазақстандықтар жоқ.

Қазақстан Мысырға жылына 5 мың тонна қой етін экспорттайтын болды деп мәлімдеді "Қазақ-ТВ" телеарнасы. Астанада Египеттің Индустриялық модернизациялау орталығы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Страница 1 из 39

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші