Экономика 22.04.2017 сағат 12:10  615

Астаналық жастар түп ағаш отырғызды

Бүгін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері Сарыарқа аудының әкімдігімен және «Жас Отан» ЖҚ бірлесе 450 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Гүлдене бер, Туған ел!» акциясына 100-ден астам адам атсалысты. Шара барысында 150 ақ қайың, 150 қарағай және 150 терек отырғызылды.

Акция аясында сенбіліктер тұрақты түрде өткізілетін болады. Шара аумақтарды тазалап, көркейтуге, ашық аулалық спорт алаңдарын салып, көріктендіруге, ағаш отырғызып, жас көшеттерді күтуге, жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыруға, өзен алқаптарын тазартуға, ардагерлер, зейнеткерлер, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлері мен шаруашылықтарын көркейтуге жәрдемдесуге және т.б. бағытталған.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Соңғы жаңалықтар