Экономика 15.05.2017 сағат 12:29  617

Қапшағайда алғаш рет «билейтін» субұрқақ пайдалануға берілді

Бұған дейін елімізде «билейтін субұрқақ» тек Астана мен Шымкентте бар болатын. Енді мұндай нысан Қапшағайда да іске қосылды.

Фонтанның құрылысын қала әкімшілігі біраз уақыт бұрын бастаған. Ал, Жеңіс күні қарсаңында салтанатты түрде ашып, ел игілігіне пайдалануға берді.

Салтанатты шараға ҰОС ардагерлері арнайы шақырылып, қала тұрғындарының алдында лентасы қиылды. Осылайша, Қапшағай қаласының әкімшілігі күннің ыстығында қала жұртшылығына керемет демалыс сыйлайтын тарту жасап отыр. 

Бүгінде қаланың орталық алаңында орналасқан жаңа субұрқаққа келушілер өте көп. Әсіресе, ырғаққа қарай түрленгенін көру үшін, кешкісін кісі қарасы тым көбейеді.

Д.Жұмақұлова

Соңғы жаңалықтар