Экономика 14.05.2017 сағат 12:45

Оқушылар Алаш қайраткерлерінің сирек кездесетін қолжазбалары мен суреттерін көрді

Алматыда қалалық Ішкі саясат басқарамасы қолдауымен Қайым Мұхамедханов атындағы Білім мен Мәдениет орталығы қоғамдық қоры оқушыларға Алаш азаматтары жайлы танымдық шарасын ұйымдастырды. Жастар алашшыл қайраткерлер жайлы құнды деректерге қанығып, сирек кездесетін қолжазбалар мен суреттерді көрді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайраткердің қызы әрі қор директоры Дина Мұхамедхан «Алаш зиялыларының әрқайсысының тарихын, өмір жолын білу ұрпақ санасын рухани жаңғырта түседі. Олар жайлы әрбір қазақ азаматы білуге тиісті» деп іс-шараның маңызын айқындай түсті.

Алаш қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхан бала күнінде алты алашқа аты мәлім тұлғаларды көріп өсіпті. Әкесі ғалым болғандықтан оның үйіне ұлтжанды азаматтар жиі келетін болған. Олардың арасында «Сарыарқа» мен «Абай» газеттеріне демеушілік көрсеткен меценат М.Сейітқұлов бар. Ол әдеби мұраларды сақтап қалуға көп үлес қосқан.

Оқушыларға арналған тарихи саяхат кезінде «Менің әкем, ғалым Қайым Мұхамедханов алаш зиялыларының белгісіз суреттерін жинап, олардың еңбектеріне пікір жазып қалдырып отырған. Басты мақсаты саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтарын табу болған. Оның жинаған сирек деректерінің бағасы өлшеусіз», - деді Д.Мұхамедхан.

Осыдан 100 жыл бұрын алаштықтар демократияға қол жеткізген қоғамның бейнесі қандай болатынын айқындап берген еді. Танымдық шара барысында басқарма мамандары мен қор қызметкерлері, профессор Дина Мұхамедхан мұндай тарихи сағаттар санын көбейтудің маңызы жайлы да айтып өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар