Экономика   15.06.2017   сағат   10:07     1033

«Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Қазақстан астанасының символына айналған «Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін Елорда тұрғындары мен қонақтарын қайта қабылдауға дайын. Бұл туралы Астана әкімдінің медиа-орталығы хабарлады.

«Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Естеріңізге салайық, мәдени нысан ағымдағы жылдың 5-қаңтарынан бастап жөндеуге жабылған болатын. Жаңартылған монумент 17 маусымнан бастап есігін айқара ашпақ.

- Монумент толық күрделі жөндеуден өтті. Әрлеп, безендіру жұмыстарына қазақстандық жас дизайнерлерді тарттық. Көпшіліктің күш салуының арқасында бүгінгі жетістікке жетіп отырмыз. Астана қаласы әкімінің қатысуымен бірнеше рет кеңес жиындар өтті. Барлық мәселелерді жіті қарауға тырыстық, - дейді  "Астана-Бәйтерек" ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.

Жөндеу жұмыстары барысында мәрмәр плиткалар мен сатылар ауыстырылды, нысанның металл конструкциялары коррозияға қарсы жабынмен өңделіп, боялды, санитарлық тораптардың жабдықтары мен  витраждар жаңасына ауыстырылды.  

Жаңартылған дизайн бойынша мұнараның ішкі жағын әрлеу жұмыстары көпқырлы стильде жүргізілді. Тағы бір жаңашылдық – бөлек LED-экраны бар заманауи өнер галереясы ашылды, сонымен қатар монументтің фойесіне габаритті иілгіш LED-экран қойылды. Монументтің төбесіндегі көкте самғап жүрген Самұрық құс түріндегі жаңа аспалы шам да келушілерді бей-жай қалдырмасы анық.

Астана әкімдігі ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде келушілермен жұмыс жасау үшін еріктілерді тартпақ.  

Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында билет салыталатын терминалдар орнатылды. Үлкендер үшін билет құны 700 теңге, балалаларға 300 теңге. Сондай-ақ, халықтың жекелеген топтарына жеңілдіктер де қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар