Экономика 22.06.2017 сағат 10:48  841

Назарбаев Қазақстандағы табиғи байлық қорының 32 млрд тоннаны құрайтынын айтты

Астанада өтіп жатқан шетел инвесторларының бүгінгі отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі табиғи байлықтардың жалпы қорын жариялап, инвесторларды өз ақшаларын ел экономикасына көптен салуға үндеді деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Шынымен де, бүгінде біз мұнай, газ, көмір мен уран сияқты табиғи байлықтарының ірі қорына ие болып отырмыз. Оның жалпы қоры мұнай эквивалентімен санағанда 32 млрд тоннаға бағаланып отыр. Ол барлық әлемдік ресурстардың 4 процентіне тең. Сондықтан шетел инвестицияларын алдымен осы салаларға құйылғаны дұрыс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, табиғи байлықтардың ірі қорына қарамастан, Қазақстан өз экономикасын барынша әр тараптандыруға тырысып келеді. Осылайша, шикізат ресурстарына тәуелділіктен арылуға ұмтылудамыз.

«Қазақстан ТМД елдер ішінде бірінші болып «жасыл» экономикаға көшудің нақты шараларын қолға алды. 2007 жылы Экологиялық кодекс қабылданса, 2009 жылы баламалы энергетиканы қолдауға арналған заңнама бекітілді. Ал 2013 жылы «жасыл» энергетикаға көшудіңтұжырымдамасы рәсімделді. Қазақстан үшін энергия өндірудің аралас жүйесі жақсарып келеді. Ол дегеніміз, дәстүрлі энергетиканы дамыта отырып, баламалы қуат көздерін хал-қадірінше нығайту. Негізі елімізде баламалы энергияны көптеп өндіруге болады. Мәселен, желден жылына 920 млрд Квт/сағ., судан 62 млрдКвт/сағ., ал күннен 2,5 млрд Квт/сағат энергияны шығаруға мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті Президент.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, аталған орталық келесі жылдан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды. «GE Oil & Gas» басшысы Лоренцо СимонелиҚазақстанда индустриалдық интернетті кеңінен дамытуды ұсынды.  Ал Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Байқоңырдың жанында жаңа күн электр станциясының салынатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар