Экономика 15.08.2017 сағат 10:47  412

Үкімет инвестиция тарту үшін басым 11 елдің тізімін анықтамақ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі елге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыратын болады. Ол үшін алдымен инвестиция құюға бейім мемлекеттердің тізімі жасалатын болады. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Ұлттық инвестициялық стратегия аясында шетелдік инвестициялар тарту мәселелерінде белсенді ынтымақтастық жүргізу жоспарланған басымдықты елдер анықталғанын жеткізді.

«36 ел – бұл бірінші топ, олардың ішінен осы бағытта бірге жұмыс жасауды жоспарлап отырған аса басымдықты 11 елді анықтаймыз. 11 – бұл экономикамыздың негізгі инвесторлары. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы бұл елдің көбіне Қазақстанға инвестиция салатынын көрсетті. Түптеп келгенде, олар жалпы әлем бойынша негізгі инвесторлар болып табылады. Олардың ішінде, Германия мен Франция сияқты еуропалық елдер, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да бірқатар елдер бар», – деді Ж. Қасымбек.

Ол бұл мемлекеттермен нақты жұмыс жүргізілетінін атап өтті, атап айтқанда қазірдің өзінде Kazakh Invest компаниясының онда нақты жобалар мен қорлар бойынша нүктелі жұмыс жасайтын өз өкілдері бар. Бұдан өзге, бұл елдерде әр елшіліктің жанында инвестициялар тарту мәселелерімен айналысатын елшінің арнайы кеңесшісі бір жыл бойы жұмыс істеп келеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар