Экономика 15.08.2017 сағат 07:32  563

Салық саясатында өзгеріс көп

Бүгінгі таңда салық саясатына заманауи өзгерістерді енгізіп, саланы жетілдіріп отыру арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсетіліп келеді. Оның ішінде Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті салық жүйесінің тиімді реформалауға баса көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтуге болады. Соңғы уақыттағы салық саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы бізге департамент мамандары айтып берді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Салық жүйесіндегі «Модератор», «Электронды кезекті бақылау» жобалары уақыт өткен сайын жақсартылып, кет-кетігі түгенделіп келеді. Сондай-ақ, Алматы бойынша салық реформасын жетілдіре түсу үшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің тіркелуі хабарлама түріне ауыстырылған еді. Тіркелу үшін мекемеге арнайы келудің қажеті жоқ. Ең бастысы, кәсіп ашып жатқаны жайлы хабарлама жібереді. Ақша айналымы туралы құжат талап етілетін. Қазір жаңа салық саясатының негізінде осы жұмыстың барлығын бір күнде реттеуге мүмкіндік берілді.

«Кәсібін жаңадан бастайын деп жатқан жас кәсіпкерлер осы жылдың қаңтарынан бастап өтініш тапсырмай-ақ тек хабарландыру берсе болды. Немесе электронды түрде egov.kz сайты бойынша хабарландыру жіберуге де мүмкіндік бар. Өтініш жіберген күннің ертесінде жеке кәсіпкер болып тіркеледі. Қосымша салықтар бойынша сұрақ көп болған. Бұған дейін ақша айналымы туралы мәліметтер керек болатын. Ал, қазір құжаттардың қажеті жоқ. Тек хабарланыду беріп, қосымша құн салығын төлеу керек. 1 мамырдан бері осындай жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Көпшілік жеке кәсіпкер реінде тіркелгеннен кейін оны жабу қиын деп ойлайды. Ол рәсім қазір жеңілдетілген. Бірнеше талаптары бар. Құн салығын төлеушілер қатарында болмауыңыз керек. Өтініш тапсырып, есеп жіберу арқылы жеке кәсіпкерлікті 3 күнде жабуға болады. Егер сіз уақытын ұзартпасаңыз, екі айдан кейін арнайы органдар өздері-ақ жауып тастайды», - дейді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Заңғар Шындәлі.

Салық жүйесіндегі негізгі реформалардың бірі ретінде 2020 жылдан бастап енгізілетін мобильді көліктер қызметін атап айтуға болады.

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы жөніндегі басқарма басшысы «2020 жылдан бастап ортақ бір декларация тапсырамыз. Алматы қаласында тұратын басқарма орталықтарына келе алмайтын тұлғаларға мобильді көлік ойластырылған. 2020 жылдан бастап есепті орталықтарға келмей, көліктерге тапсырса болады. «Мобильді орталық» жобасы енді қарастырылып жатыр. Бұл салық қызметкерлері мен салық төлеушілердің арасындағы жұмысты жеңілдету мақсатында енгізілмек. Құжаттарды белгілі бір орталыққа тапсырады, ол орталық басқармаға өткізеді. Басқарма қарастырып болғаннан кейін келесі орталыққа өткізеді. Сосын келіп құжатты алып кетуге болады», - дейді.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары кәсіпкерлер арасында салық кодексі мен түрлі нормативтерді түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұрады екен. Бірнеше қызмет түрі де жеңілдей түсті. Салық төлеу, жіберу операцияларының басым бөлігі электронды түрге көшірілді. Осыған сәйкес, азаматтардың электронды жүйені қолдану білімі артты.

Кәсіпкерлерге МӘМС жүйесіне қатысты түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Департаменттің түсіндіру жұмысы жөніндегі басқарма басшысы «Әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру мәселесі кәсіпкерлердің басым бөлігін толғандырады. Денсаулық сақтау басқармасымен бірге жұмыс істеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең бастысы, жұмысшылар жүйеден тыс қалып қалмауы керек. Жұмыс беруші ай сайын ақша аударып отыруы керек. Кейбір кәсіпкерлер жұмыс беруші қандай тәртіп бойынша жұмыс атқарып жатқанын білмейді. Араларында еңбек келісімшарты жасалады. Жұмыс беруші заңды түрде жұмысшыға ақша аударып тұрады», деп қазіргі түсіндіру жұмыстары туралы айтып берді.

Департамент берген ресми мәліметін бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы алдын ала есептелген салық түсімі 107 пайызға тең болған. Жоспар бойынша 821 395 млн.теңге белгіленіпті. Бюджетке 881 398,6 млн.теңге жиналыпты. 2016 жылмен салыстырғанда биылғы салық түсімі 114%-ды құрап, 110 925 млн. теңгеге жоғарылаған екен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар