Экономика 08.09.2017 сағат 14:16  6159

«Отбасы – рухани жаңғыру негізі»

2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын. Дәл сол жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні мерекесі аталып өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осынау мерекені атап өту аясында жыл сайын еліміздің барлық облысында түрлі рухани шаралар өтіп жатады. Басты мақсат – отбасы құндылықтарын сақтау, жандандыру және дамыту. Мұндай шараларды қолға алмасақ қоғамда жетімдер мен жесірлер саны артып, қарттар үйі қарияларға толып барады.

Осындай рухани шаралардың бірі Жамбыл облысында да өтіп жатыр. Облыстық әкімдік пен Білім басқармасы ұйымдастырған шара «Отбасы – бақыт мекені» деп аталады және 1 апта бойына жалғаспақ. Ұраны: «Отбасы – рухани жаңғыру негізі». Апталық өткізудің мақсаты – халық арасында отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

«Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері ең алдымен, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып табылады. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік деп көрсетілген», - дейді Жамбыл облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Осы апталық аясында 5 қыркүйек күні Тараз қаласының барлық мектептерінде «Отбасы – өмірдің мәні», «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі», «Жапырақ тамырдан нәр алады», «Отбасы татулығы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Ал, 6-7 қыркүйек аралығында 5-10 сынып оқушылары арасында «Ынтымағы жарасқан отбасы», «Отбасыммен демалыста» тақырыптарында сурет байқаулары, сонымен қатар «Өнеге отбасынан», «Менің отбасым», «Әкем, анам және мен» атты спорттық отбасылық эстафеталар мен сайыстар ұйымдастырылды.

8-11 қыркүйек аралығында апталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табады.

Айта кетейік, бұл апталықтан бөлек облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл маусым айында аяқталған шешуші кезеңде Талас ауданының намысын қорғаған Әбілдаевтар отбасы бас жүлдені жеңіп алса, мерікілік Арыстанбаевтар бірінші орынды иемденді. Енді қос отбасы жыл соңында Астанада өтетін республикалық байқауда бақтарын сынайтын болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар