Экономика 20.09.2017 сағат 16:47  615

Жамбылдық ардагерлер «Рухани жаңғыру» идеясын талқылады

Күні кеше Жамбыл облысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, бірнеше нысанды аралап көрген болатын. Осы сапары аясында Елбасы жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, ҚХА мүшелерімен және қарапайым жұмысшылармен де кездесті. Кездесуде негізінен облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктері баяндалды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру барысы талқыланған еді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы кездесуге қатысқан тарих ғылымдарының докторы, академик Дария Қожамжарова бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бас қосып, «Рухани жаңғыру» идеясын талқыға салды.

Жамбыл облысында 90 мыңнан астам ардагер болса, олардың әрқайсысының рухани жаңғыруға байланысты ойы, пікірі мен қолдауы аса маңызды. Аталған жиында жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру мәселесі, қоғамдық сананы жаңғырту, рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды.

«Кеше бізде үлкен тарихи оқиға болды. Ол Елбасының Жамбыл жеріне келуі. Президент үшінші даму кезеңіндегі рухани жаңғыруымызға байланысты бірқатар мәселелерді айқындап берді. Біз бүгін осыны ардагерлер жадына салып, олармен бірге талқыладық», - деді жиыннан кейін академик Дария Қожамжарова.

Кездесуге қатысқан ардагерлер негізінен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу жайын талқылады. Олардың айтуынша, қазақ халқы үшін әліпбиін латыншаға ауыстыру таңсық емес. Өйткені, алашордашылардың кезінде де дәл осы алфавит қолданыста болған еді. Тіпті, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының өзі осы латын әліпбиінің қазақша нұсқасын әзірлеп қалдырған болатын.

Осылай деген ардагерлер ана тілімізге енгелі отырған осынау реформаны тек қана қолдайтындарын жеткізді. Тек аса асығыстық танытпай, барынша саралап, талқылаудан өткізіп алу керек дейді олар.

Жиын барысында қариялар тәрбие тақырыбын да ұмыт қалдырмады. Өйткені, қазіргі жаһандану заманында бала тәрбиесін екінші орынға ысырып қойсақ рухани тұрғыда тоқырау болатыны сөзсіз. Сондықтан, «Рухани жаңғыруды» ең алдымен үйдегі, кейін мектептегі тәрбиеден бастау қажет дейді ардагерлер. Ал, тәрбие мәселесіне келгенде ата-әженің алар орны ерекше.

Жиын соңында биыл елу жылдығы тойланайын деп отырған Тараз мемлекеттік педогогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы Дария Қожамжарова ардагерлерге бірқатар тарихи тақырыпта жазылған кітаптарын сыйға тартты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар