Экономика 27.09.2017 сағат 12:24  4511

«Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі»

 

Мемлекеттік тілге деген құрмет Астанадағы мемқызметкерлер арасында да дәріптеліп жатыр. Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, тарихынан сыр шертер жиындардың бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған жиынның «Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» деп аталуы да бекер емес. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты биылғы мақаласында қазақ тілінің мәртебесі жайында тереңірек сөз қозғаған болатын. Мақалада көрсетілгендей, халқымыздың рухани жаңғыруы үшін ана тілімізге де реформа енгізіледі. Яғни, жақын уақытта қазақ тілі латын әліпбиіне көшетін болады. Бұл өз кезегінде тіліміздің біртектілігін сақтап, әлемдік өркениетке қосылуымызға жол ашады.

Осылай деген Ұлттық бюро басшысының орынбасары Мақсат Дүйсенов мемлекеттік тіл­дің ұлттық саясаттың діңгегі болуы қажеттігін баяндады. «Бүгінгі Қазақстан – жаңғырған қоғам. Әр ұлттың өз рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың бас­ты шарты – ұлттық кодты, оның ішінде мемлекеттік тілді сақтау. Бұл тарихымыздан және салт-дәс­түрімізден байланыс үзбеуге септігін тигізеді», - деді ол. 

Басқосу барысында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институ­тының профессоры Нәзи­гүл Тө­лен­бергенованың баяндамасы тың­­далды. Ол өз сөзінде соңғы бір­ ғасырда өз тілдерін жоғалтып, өз­ге тілдердің ықпалында кеткен халықтар туралы әңгімеледі. Сон­дай-ақ,  елімізде орыс тілінің үстемдік құруына негіз болған біршама жайттарды, атап айт­қанда тың жерлерді игеру мақса­тында КСРО-ның басқа республи­каларынан әкелінген жүз мыңда­ған орыс тілді халықпен қарым-қа­ты­настың жүзеге асуын, кен орын­дарын игеру мақсатында салынған Лисаков, Рудный, Темір­тау сияқты қалалардың пайда бо­луын, қалаларда қа­зақ мектептерінің жабылып қал­ған жағ­дайларын атап өтіп, бұл­ мәсе­лелердің әлі күн­ге де­йін салқынын тигізіп ке­ле жатқанын әңгіме өзегіне ай­нал­дырды.

Елбасының стра­те­гия­­лық құжаттары – Ұлытау­да сөйлеген сөзінде, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық кодты сақтау ту­­ралы айтылған. Сондықтан мемлекеттік тілде сөй­леу, жа­зу ең алдымен мемлекеттік қызмет­шілерден талап етілуі тиіс», деді Н.Төленбергенова. Профессор ұлттық бюро қызметшілеріне тіл­ді үйренудің ең озық әдіс-тә­сілдерін де көрсетіп берді. 

 Одан басқа, іс-шара шең­бе­рінде мемлекеттік Елтаңбаның 3D­ модельдермен бейнеленген бей­нематериалдары көрсетіліп, мемлекеттік рәміздер бойынша тренинг өткізілді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар