Экономика 29.09.2017 сағат 11:16  456

Шу ауданында «Мемлекеттік тіл – мерейім» акциясы өтті

Шу ауданында мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейтіп, оның дамуына үлес қосып келе жатқан «Ақментей» қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық тіл» инспекциясын құрып, аудан тұрғындарының арасында «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты акция өткізді. Шараны өткізуге Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Инпекция құрамына Тараз қаласы мен Қордай, Шу аудандарының заңгерлері, филолог мамандары, журналистер, бизнес өкілдері, «нұротандықтар» үкіметтік емес ұйым мүшелері – барлығы 25 адам бар.

Қоғамдық тіл инспекциясының негізгі мақсаты – мемлекеттік емес мекемелер, оның ішінде ҮЕҰ, ұлттық компания, кәсіпорын, ЖШС, АҚ және т.б. заңды тұлғалар қызметіне мемлекеттік тілді ендіру, сыртқы көрнекі ақпарат, жарнама, деректемелер тілі, кіріс-шығыс, бухгалтерлік есеп, қаржы-статистикалық және техникалық құжаттарды мемлекеттік тілде жүзеге асыру бағытында шаралар ұйымдастыру және мекемелерге мониторинг жүргізіп, әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету.

Қоғамдық тіл инспекциясының жұмысы жоба барысында облыс орталығы Тараз қаласы және Шу, Қордай  аудандарын (150 мекеме) қамтып, тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарды, әдістемелік көмек көрсетті.

Акция барысында мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері тіл және жарнама туралы заңнамаларымен таныстырылды, инпекцияның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді, сонымен қатар сыртқы көрнекі ақпаратты орналастыру тәртібі, көрнекі ақпараттың тілін біріздендіру тәртібі, іс-құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу талаптары түсіндірілді. Сол сияқты, кәсіпкерлерге және ұйым өкілдеріне әдістемелік құралдар таратылды.

Мемлекеттік емес мекемелер, оның ішінде ҮЕҰ, ұлттық компания, кәсіпорын, ЖШС, АҚ және т.б. заңды тұлғалар қызметіне мемлекеттік тілді ендіру, сыртқы көрнекі ақпарат, жарнама, деректемелер тілі, кіріс-шығыс, бухгалтерлік-есеп, қаржы-статистикалық және техникалық құжаттарды мемлекеттік тілде жүзеге асыруы бойынша талдау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Акция барысында қатысушылар инспекция мүшелеріне ақпаратты қайдан алу, қандай органдарға жүгіну, көрнекі ақпараттарды сауатты аудару, мемлекеттік тілді оқу курстарында ақысыз оқу туралы көптеген сауалдар қойды.

Инспекция мүшелері барлық қойылған сауалдарға толық ақпарат беріп, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде ашылған Жедел желі (СаІІ центр) туралы ақпаратты, және осы мекемеде әдістемелік көмек, сыртқы көрнекі ақпараттарындағы (жарнама тақталары, баннерлер, кәсіпкерлік объектілерінің атаулары) сөйлемдердің аудармаларын ақысыз негізінде алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Акция Шу ауданында орналасқан жергілікті атқарушы органдарының және орта мектеп мұғалімдері ішінен еріктілердің көмегімен ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар