Экономика 18.10.2017 сағат 12:09  983

Алматыда Рухани келісім күні мерекесі өтті

Алматыда дін саласында еңбек етіп, қоғамдағы діни тыныштықты сақтауға септігін тигізіп жүрген мамандар марапатталды. Сондай-ақ, Рухани келісім күнін мерекелеу аясында қалалық Дін істері басқармасы «Алматы қаласының азаматтық альянсымен» бірлесе дөңгелек үстел өткізді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбековтің айтуынша, Елбасының ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтауға негізделген саясаты қоғамдағы тыныштықтың кепілі болып келеді.

– Алматы қаласында еліміздің ең ірі діни бірлестіктері, рухани орталықтары шоғырланған. Қалада ислам христиан, иудаизм, буддизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері көп. Осыған орай бүгін елімізде Рухани келісім күні кең көлемде аталып өтуде. Бұл мерекенің 25 жылдық тарихы бар. Естеріңізде болса ең алғаш 1992 жылы Алматыда Елбасының қатысуымен І әлеуметтік конгресс өткен болатын. Сол жылдан бері Рухани келісім күні дәстүрлі түрде аталып өтуде. Мақсаты – еліміздегі мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту. Сонымен қатар, ең басты құндылығымыз – тұрақтылықты сақтау. Жалпы бұл идея Елбасының бастамасы бойынша рухани үйлесімділікті ұйымдастыру туралы мәселесінен туындаған болатын. Сондай-ақ, адамзаттың алыс болашағына бағытталған осы бастама – қазіргі және келешектегі жаһандық қауіп-қатерлерді еңсеруге бағытталған перспективалық бастама, – дейді Айдар Есенбеков.

Айта кетейік, мерекелік шара аясында тақырыптық кітаптардың және фотосуреттердің көрмесі, концерттік бағдарлама ұымдастырылды. Ал, дөңгелек үстелге жиналған ғалымдар мен дін өкілдері Қазақстанда бейбітшілік идеяларын қалыптастыру және нығайтудағы діндердің рөлін ескеріп, халықты ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырды. Сондай-ақ, діни конфессиялардың беделді қызметкерлерін Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттандыруда белсенділік танытып, Алматы қалалық әкімдіктің алғыс хатымен марапатталған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Нағима ғалым ретінде өз ойымен бөлісті.

– Осы мәселе бойынща түрлі мақалалар, кітаптар жазып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастыратын шараларға белсенді түрде қатысып, студенттер арасында түрлі іс-шара өткіземіз. Сондай-ақ, қоғамның қауіпсіздігі үшін экстремизм мен терроризмге қарсы алдын-алу шараларын ұйымдастырамыз. Теқ қана жастар арасында емес, мүмкіндігінше әрбір азаматқа дұрыс ақпарат беруге тырысамыз. Магистрлерді іс-тәжірибеден өткізу барысында мектеп оқушыларымен де толыққанды жұмыс істейміз. Бұл ретте қыздарға арналған «Қыз Жібек» клубының жұмыс істеп тұрғанын да ерекше айтып өткім келеді. Клубтың мақсаты – қыздар арасыеда дәстүрлі дінімізді насихаттау, олардың теріс жолға түсіп кетпеуін қадағалау. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында төңкерістер ешқандай жақсы нәтиже берген жоқ дегендей, халықаралық келісімді ұстанып, бірнеше ұлт-өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруіне баршамыз ат салысуымыз керек, – деді профессор.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар