Экономика 27.10.2017 сағат 03:59  651

Асанәлі Әшімовтің мерейтойына орай «Мен – аманат арқалаған адаммын» атты кездесу өтті

Алматыда Қазақстан және Кеңес Одағының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық кинофестивальдардың бірнеше мәрте жүлдегері, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті театр-кино актері, режиссер, қайраткер, ұлағатты ұстаз Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына орай мектеп оқушыларымен кездесу өтті. «Мен – аманат арқалаған адаммын» деген атаумен өткен басқосуды Алматы қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы ұйымдастырған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай ғибратты кездесуді өткізудегі мақсат – ұлттық өнерді насихаттау, бағалай білу. Алаштың ардақтысы Асанәлі Әшімовтің аңызға айналған ұлағатты өмірі мен өнерін, ұлттық өнерге сіңірген еңбегін шәкірт жүрегіне ұялату. Сондай-ақ, мамандық таңдай білуге тәрбиелеу және рухани танымын кеңейту. Оқушыларды шығармашылық еңбек пен ғибратты өмір жолының  айшықтарын  терең  ұғына білуге шыңдау.

Кездесу барысында даңқты артист оқушылар мен қонақтарға өз өмірінің қызықты сәттерін әңгімелеп берді., жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру туралы айтты. Оқушылар болса өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, өлең оқып, театрландырылған қойылымдарын ұсынды.

– Асанәлі ағамыздай нар тұлғаның өнегелі өмірі жастарға үлгі.  Өмірдегі қызықты сәттерін өз аузынан естіп жүздескен оқушылардың жүректерінде өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Осында отырған жүз баланың біреуі аға жолын қусам екен деп армандап отырғаны рас.  Бүгінгі кездесу жас ұрпаққа рухани азық берсе, ол бүгінгі кездесудің мақсатқа жеткені, – деді «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жастардың тәрбиесіне көп ықпал етуде. «Рухани жаңғыру» – ұлттық бірегейліктің  негізі. Олай болса, ұрпақтар сабақтастығын басшылыққа ала отырып, біз біртұтас ұлы елдің перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Себебі, барымыз бағаланып, құндылықтарымыз күн санап артуда. Өмірі өнерімен өрілген дарын иесі Асанәлі Әшімовтің қалың қауымға, жас ұрпаққа берері көп. Талантын еңбегімен ұштап, халқының ыстық ықыласына бөленіп, ұлт мақтанышына айналды. Өнердің ұлылығын кинода да, театрда да биікке көтерген бірегей  тұлға.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар