Экономика 31.10.2017 сағат 15:12  1700

Жамбыл облысында «Туған жерге туыңды тік!» атты ауқымды акция басталды

Жамбыл облысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында Тараз қаласы мен барлық он ауданда бір мезгілде «Туған жерге туыңды тік!» атты ауқымды акциясы бастау алды.

Акция барысында облыстан шыққан танымал тұлғалар мен меценаттар жергілікті халықпен кездесіп, өздерінің табысқа жету тарихымен бөлісуде. Сондай-ақ, олар өңірде бағдарламалық құжатты іске асыру бойынша алдағы қадамдарын белгіледі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Адамзат алғашқы жетістікке және алғашқы табысқа қол жеткізген өзінің туған жерін қашанда ұмытпауы керек. Ал, туған жерге және оның тұрғындарына деген көрсетілген көмектен артық қандай жақсылық бар десеңші?!

Сондықтан, осы іс-шараның ең басты мақсаты да облыс ауылдарынан шыққан кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалық иелерін, зиялы қауым өкілдерін туған өлкенің дамуына, кіші отан үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін оятуға негізделген.

Атап айтқанда, Байзақ ауданының тұрғындарымен Олимпиада чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров кездесті. Ол Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов сияқты көптеген танымал қазақстандық спортшыларды тәрбиелеп, отандастарымыздың халықаралық деңгейде ұлы жеңістерге жетуіне үлкен үлес қосқан. Бүгінде Жақсылық Үшкемпіров ауылдың жас спортшыларына үнемі көмектесіп отырады.

Бүгінгі акцияда Ж.Үшкемпіров өз қаржысы есебінен 150 млн теңге көлемінде Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында спорт кешенін салуды ұсынды.

Отандастармен кездесу барысында, ол шынайы патриот ретінде жерлестеріне көмектесу, өздерінің туған жерінің дамуына қатысу әркімнің міндеті екенін атап көрсетіп, меценаттарды жақсы іс-шараларға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, бүгін облыс орталығында «Менің қалам!» ұранымен  акция бастау алды.

Қала тұрғындарымен «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек ері иегері Мұқаш Ескендіров, «Бином» ЖШС атқарушы директоры Қуат Баққараев кездесті.

Олардың барлығы қала үшін күнделікті қажетті және пайдалы игі істер жасау, мұқтаждарға көмектесу, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы бірдей ниеттерін білдірді. Тараз қаласын көрікті әрі тартымды ету үшін игі істерді жасауды ұсынды. Олар, сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерді акцияға қатысып, өздерінің туған қаласы мен оның тұрғындарына деген сүйіспеншіліктерін нақты ісімен дәлелдеуге шақырды.

Алғаш болып акцияға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов атсалысты. Жергілікті жоғары оқу орнының басшысы оқу шәкіртақыға 5 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, «Тараз» футбол клубының екінші құрамындағы 8 ойыншысына 8 миллион теңгеге шәкіртақы тағайындады.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров болса қала тұрғындары үшін үлкен спорт кешенін салуды қолға алғандығын жеткізді.

«Бином» ЖШС атқарушы директоры Қ.Баққараев мұқтаж отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйға тартатынын мәлімдеді.

Ал, Тараз қалалық мәслихат депутаттары 40 млн теңгеге спорт алаңшаларын салуды ұсынды.

Меркі ауданындағы акцияға мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов арнайы келді. Мұрат Мұхтарұлы ауыл тұрғындарына өз кітабының тұсаукесерін өткізіп, аудандық мұражайдан туындыларының бұрышын ашты.

Жамбыл ауданындаакция аясында 150 жергілікті кәсіпкер тұрғындармен кездесті. Олардың біреуі жаңа заманауи спорт кешенін салса, біреуі – өрттен кейін көршісінің үйін қайта тұрғызуға көмектесті. Сонымен қатар, олардың барлығы балабақшаларға, мектептерге, мұқтаж және көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарияларға үнемі көмектесуде. Алдағы уақытта кәсіпкерлер осы істерін жалғастыратынын айтты.

Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында жаңа балабақшаларды салу жоспарланды.

Шу ауданында кәсіпкерлер тарапынан құрылыс заттарын шығаратын «Битум», комбайн жинау зауыттарының және спорт кешенінің құрылысына ірі көлемде көмек көрсетілетін болады.

Бұл акция барлық жерде өтуде, оған барлық жамбылдықтар ат салыса алады.

Жалпы, акция барысында 2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ, олар өңірдің жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысына және елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар