Экономика 20.10.2017 сағат 12:36  580

«Рухани жаңғыру» аясында Әкелер форумы өтті

Бүгін Алматыда ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Алматы қаласының әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп II Республикалық әкелер форумын өткізді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алқалы жиында отбасы институтын және отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлін нығайту, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту аясында балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, білімге ұмтылысты өсіруге қоғамның назарын аудару мәселелері талқыланды.

Форумның жұмысына ҚР Парламентінің  депутаттары, ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар үлгілі әкелер - барлық өңірден келген делегаттар қатысты.  

Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен өз сөзінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының арқасында қоғамның рухани-адамгершілік түрленуінің негізгі бағдарлары анықталғандығын атап өтті. Жақында өткен ТМД және ЖЕЭО елдері басшылары Кеңесінің отырысында отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы біріккен мәлімдеменің қабылданғандығы тектен тек емес екенін жеткізді.

Қазақстандықтардың отбасылық дәстүрлерге бейімділігі қоғамда жоғары моральдық құндылықтарды және руханиятты сақтауға ықпал етеді, бұл жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Жарлығымен (2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384) қабылданған Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың тұжырымдамасының бірінші кезеңі іске асырылуда. Тұжырымдамада баланың тәрбиесіндегі қос ата-ананың жауапкершілігін арттыру, соның ішінде жауапты әкелік институтын дамыту және үлгілі әкелерді насихаттау мәселесі алға қойылған.

Қазақстанда 70 белсенді әкелердің күшімен «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды, ол отбасын нығайту бойынша тәжірибелік шараларды іске асырады. 8 аймақта өкілдіктері құрылды, соның ішінде бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы өкілдіктер белсенді болып табылады, олар әкелік институтты насихаттаумен қатар өңірлерде кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық көмек көрсету және т.б. сияқты әлеуметтік мәселелерді шешеді. Әкелер одағының өкілдерін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының жанындағы әртүрлі сараптамалық жұмыс топтарына тарту іске қосылды.  

Форум аясында қатысушылар «Ресей Федерациясының әкелер одағы» аймақаралық қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Юрий Соленовтің ұсынған жұмыс тәжірибесімен танысты. Іс-шараның соңында үздік үлгілі әкелерге Ұлттық комиссияның атынан Алғыс хаттар табыс етілді. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар