Экономика 13.11.2017 сағат 11:37  318

Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды

Алматыда халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жиын барысында 2022 жылға дейін инвестиция тарту Стратегиясының жобасы талқыланды. Құжат Ұлттық инвестициялық стратегия мен «Алматы-2020» даму бағдарламасына сай жасалған.

Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келе, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.

– Бизнесті дамытудың басты шарты – тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймғаы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру Картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды, – деді қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар - туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәселесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық басты факторлар болып табылады.

– Алматы қаласында жақсы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен ашық әрі жақсы қарым- қатынас орнату- барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб- пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серіктестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез- келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабылдау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құптаймыз, - деді Қазақстанның Европалық Бизнес Ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.

Жиын қорытыныдысы бойынша Кеңес мүшелері айтқан ұсыныстар мен, толықтырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.

Айта кетейік, Кеңестің құрамына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының басқарушы серкітесі Марк Смит, Қазақатандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Astana Group» холдингінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар