Экономика   01.11.2017   сағат   05:18     774

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында ауқымды іс-шара өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бүгінде көпшілікке түсіндіріліп, аудан, ауыл-дарда қызу қолдау тапқаны белгілі. Негізгі алты бағыты арқылы сан саланы қамтыған Көшбасшы мақаласының мазмұны өте терең екенін күн өткен сайын сезіне түсудеміз.

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында ауқымды іс-шара өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында Жамбыл облысында «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бастау алды. Осыған орай қалалық Мәдениет үйінде «Менің қалам!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет сөз сөйлеп ашып, Елбасы мақаласының құндылығына, патриотизмнің ең биік үлгісі туған жерді түлетуден, оның тарихы мен бүгінгі болмысын құрметтеуден басталатынын айтты. Шаһар басшысы Жамбыл топырағынан шыққан талантты тұлғалардың есімін атай келіп, дарынды ұлдар өлкеге мақтаныш екенін сөз етті. Сондай-ақ, ол Тараздағы белгілі кәсіпкерлерді облыс орталығын көркейтуге, абаттандыруға, көп қабатты үйлердің алдын, көше, алаңдарды жаңартуға үлес қосуға шақырып, шараның өту барысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, шарада LED-экран арқылы облысқа танымал тұлғалар Елен Әлімжан, Мейрамбек Төлепберген, Дария Қожамжарова, Қаржаубай Бекболатов, Парида Мамедова, Эльмира Мырза-Ғали сынды зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы төңірегінде ой қаузап, руханият көшіне жетелер тың бастама екендігін алға тартты.

Акция барысында Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев сөз алып, қалалық мәслихатының 6 депутаты (Руслан Кан, Нариман Мәуленов, Талғат Мананов, Айдар Дузанов, Шамбылхан Үсенбаев, Жұмабек Бөлекбаев) өз қаражаты есебінен 15 миллион теңгеге қалаға қажетті нысандар құрылысын жүргізуге атсалысатынын айтты. Сонымен қатар, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры Мұқаш Ескендіров жастардың уақытын тиімді өткізуі мақсатында спорт алаңшаларын соғып беруге даяр екенін білдірсе, «Бином» ЖШС-ның атқарушы директоры Қуат Баққараев мұқтаж азаматқа 1 пәтердің кілтін табыс етуге уәде берді. Сондай-ақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов бес миллион теңгеге 5 студентті шәкіртақымен қамтамасыз ететінін, «Тараз» футбол клубының қосалқы 8 ойыншысына 8 миллион теңге шәкіртақы тағайындайтынын айтты.

Акцияда қаламыздың жас өнерпаздары «Таразым менің», «Қазағымсың», «Қазағым-ай», «Халқым-ай», «Туған жер», «Өз елім», «Қазағым» секілді жүрек тербер әндерден шашу шашты.

Осы күні Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты акция барлық аудандарда жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар