Экономика   13.06.2018   сағат   04:09     717

Министр Бақыт Сұлтанов Қытайдан не үшін $300 млн қарыз алғалы жатқанын айтты

Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 12 маусымда Қытай үкіметінің Қазақстанға беріп жатқан ұзақмерзімді қарызы елдің сыртқы қарызын ұлғайтпайды деп мәлімдеді.

Министр Бақыт Сұлтанов Қытайдан не үшін $300 млн қарыз алғалы жатқанын айтты

«Бұл ұзақмерзімді несие. Қаржылық шарты әлі талқыланады. Алдын ала келісім бойынша екі пайызбен беріледі. Бұл өте арзан несие» деп мәлімдеген қаржы министрі. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, әңгіме 100 миллиард теңге (300 миллион доллар) қарыз жайында.

Сұлтановтың айтуынша, Қытай бұл несиені елдегі кеден бекеттерін модернизациялауға беріп жатыр. Атап айтқанда қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттері жөндеуден өтпек.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында екі ел үкіметі арасында ондаған құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жеңілдетілген несие беру де бар.

Осы сапар барысында Қытай тарабы Қазақстанға инфрақұрылым жобасына 727 миллион доллар қарыз берді деген ақпарат тараған.

Дереккөз: centralasian.org

Соңғы жаңалықтар