Экономика 13.09.2018 сағат 15:21

Үкімет бюджеттің жыртығын жамау үшін Ұлттық қордан тағы да ақша алмақшы

Ел үкіметі тағы да Ұлттық қорға қол салып жатыр. Осылайша бюджеттің жыртығын жамаймыз дейді олар.

Үкімет бюджеттің жыртығын жамау үшін Ұлттық қордан тағы да ақша алмақшы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 триллион 450 миллиард теңге, 2020 жылы 2 триллион 300 миллиард теңге, ал 2021 жылы 2 триллион теңге сомасында белгілеу қарастырылуда», - дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Бұл қаражаттар 2019-2020 жылдардағы бюджет тапшылығын жоюға қажет. Наурыз айында ғана Сүлейменов басқаратын министрлік Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың жыл сайын қысқарып, 2019 жылы 2 триллион 300 миллард теңгені құрайтынын мәлімдеген болатын. Сүлейменовтің бүгінгі баяндамасында ол тағы 150 миллиард теңгеге көбейіп кетіпті. 2020 жылға жоспарланған Ұлттық қордан бөлінетін ақша көлемі де 300 миллиард теңгеге артық.

Дереккөз: КТК

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар