Экономика 13.09.2018 сағат 15:37

Жәнібектік шаруалар қысқа қарқынды дайындалуда

Оралдан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Бүгінгі таңда жәнібектіктердің біразы төрт түліктің азығын дайындау бағытында дала төскейінде жүр.

Жәнібектік шаруалар қысқа қарқынды дайындалуда
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Жем-шөптің кепілді қорын жасақтап алу шаруа қожалықтары үшін де, жеке тұрғындар үшін де басты міндет болып табылады. Биыл аудан бойынша 106900 тонна мал азығын дайындап алу жоспарланды. Қазір 267232 гектар жердің шөбі шабылып, 75917 тонна өнім алынды немесе ол жоспардың 77,3 пайызын құрайды. Ал әр гектардың өнімділігі 2,8 центнерден келуде. Мұның сыртында былтырдан қалған 4915,0 тонна шөп бар. Мал азығын дайындау науқанына 175 трактор, 159 шөп шабатын агрегат пен тырма, 96 пішен жинағыш пен 63 пішен маялағыш қатысуда,-дейді Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев.

Ауылдар арасынан Тау округі алда келеді. Олар жоспарда белгіленген 11470 тонна шөптің 93,7 пайызын жинаған. Ал аудан бойынша мал азығын ең көп дайындауды жоспарлаған ұзынкөлдіктер 16560 тоннаның 12528 тоннасын, күйгенкөлдіктер жоспардағы 16440 тоннаның 11865 тоннасын дайындап үлгерді. Ал қалған ауылдар жоспардағы көрсеткіштің 75-80 пайызын орындап отыр. Егер ауа райы қолайлы болып тұрса, екі аптаның ішінде бәрі де жоспарды толық орындайтындарына сенімді.

-Қысқа он шақты ірі қараны, отызға жуық ұсақ малды, жылқымды кіргізуді жоспарлап отырмын. Биыл біздің жақта шөп шығымы жаман емес. Екі ай бойы далада еңбек етіп, қажет мал азығын жинап алдым. Облысымыздың егін егетін аудандарынан келіп малға жем сатып жүр. Содан жем алып жатырмыз. Қора-қопсымда да жөндеп қойдым. Біз қысқа дайынбыз деуге болады,-деді Қамысты ауылының тұрғыны Асылхан Сейітқалиев.

Ернар ХАЙДАР

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар