Экономика 24.10.2018 сағат 12:32  427

Жезқазғандағы «Kaztekhfilter» компаниясы 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр

Жезқазған қаласы әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімов кезекті рейдке шығып, қаламызда орын тепкен бірнеше ірі нысандарда болып, жұмыс барысымен ондағы хал-ахауалмен жақын танысты.

Жезқазғандағы «Kaztekhfilter» компаниясы 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алғаш тізгін тарқан жері 2012 жылы ашылған, құны 400 миллион теңге болатын «Kaztekhfilter» ЖШС кәсіпорны. Қазақстанның индустрияландыру картасына енген. «Бинестің жол картасы -2020» бағадарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын. Бұл зауыт жеңіл және түрлі жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге, арнайы әуе техникасына жанар-жағармай үшін май фильтрларын шығарады. Бұл кәсіпорынның өнімдерін көп несе «Қазақмыс» және «Арселор Миталл» сияқты өндірісі қуатты алып компаниялар тұтынады. Аталған кәсіпорынның директоры Сергей Онищуктің айтуынша, 100-ге тарта адамды жұмыс орнымен қамтып отыр. Зауыт еуропалық технологиямен толық жарақтанған. Қала басшысы кәсіпорын жұмысына көңілі толғандығын айтып, алғай істеріне сәттілік тіледі.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар