Экономика 15.11.2018 сағат 11:03  197

Батысқазақстандық шаруа 46 млн теңге субсидия алды

Ақ Жайық өңіріндегі Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі аудандарында сүт шаруашылықтары жақсы дамыған.

Батысқазақстандық шаруа 46 млн теңге субсидия алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-қадамына сәйкес 2015 жылдардан бастап Батыс Қазақстан облысында сүт өнімдері өндірісін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынды.

Сол кезде елімізде тауарлы сүт фермаларын дамыту бағытында қабылданған «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға жеңілдетілген несиелер берілді. Аталмыш бағдарлама аясында 300 басқа арналған шағын тауарлы сүт фермаларын құрылды. Бүгінгі таңда он шақты шаруашылық асыл тұқымды сүтті бағыттағы мал өсіреді. Солардың бірі – Теректі ауданындағы «Ақас» агрофирмасы.

Қатауолла Ашығалиев басшылық ететін бұл шаруашылық 1995 жылы құрылған болатын. Қазір мұнда 670 бас (410 бас аналық) голштино фриз тұқымдас малы өсірілуде. Сауылып тұрған сиыр саны - 232 бас. Әр аналық малдан жылына орташа есеппен 5200 литр сүт сауылады. Қожалық меншігіндегі шағын сүт өңдеу цехында майлылығы 3,2 және 2,5 пайызды құрайтын сүт, ірімшік пен кілегей өндіріледі.

-Биыл 4291 га жерге мал азықтық дақылдар егіп, 2522 тонна өнім жинап алдық. Сондай-ақ 1680 га жерден 840 тонна көпжылдық шөп те өндірдік. Мал басын құнарлы мал азығымен қамтамасыз ету бағытында шырынды мал азығын жылма-жыл дайындаймыз. Соның нәтижесінде сапалы сүт алып отырмыз. 2017-2018 жылдары 1 870 139 тонна сүт өндіргеніміз үшін мемлекеттен 46 753 475 теңге субсидия алдық. Мұның өзі бізге көп көмек болды, - дейді Қатауолла Мирәліұлы.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар