Экономика 22.11.2018 сағат 06:17  267

Жылыжайдан 457 тонна өнім алынды

Тұрғындарды маусымаралық кезеңдерде жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысында жылыжай кешендерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жылыжайдан 457 тонна өнім алынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәселен, өткен жылы Орал қаласында «Орал жылыжай» ЖШС жалпы ауданы 1,2 га болатын жылыжай кешенін іске қосса, қазіргі таңда «Орал жылыжай комбинаты» серіктестігі құны 4 млрд. теңге болатын, жалпы ауданы 5,5 гектарға жететін жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде. Оны келер жылдың соңына дейін бітіру жоспарлануда. Бұл кешен іске қосылғанда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жылына 2,5 мың тонна өнім алынады деп болжануда.

- Ішкі нарықты маусымаралық ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 61,0 мың шаршы метрлік үлкенді-кішілі 94 жылыжай бар. Биылғы жылы жылыжайларда бірінші дақыл айналымда 66 жылыжайда немесе 49,3 мың шаршы метр алқапқа көкөніс (қияр, қызанақ, аскөк) дақылдары отырғызылды. Олардан 457,2 тонна көлемінде өнім алынды. Қазіргі уақытта жылыжайларда екінші дақыл айналым жүріп, көкөніс дақылдары өсірілуде. Екінші дақыл айналымда 420,0 тонна көкөніс өнімдерін алу жоспарлануда,-дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қуанышқали Есімов.

Айта кетейік, өңірде биыл картоп және көкөніс-бақша дақылдары 9,6 мың га алқапқа отырғызылды. 4,3 мың гектардан жиналған картоптан 64 мың тонна өнім алынды. Көкөніс дақылдарынан алынған өнім 59 мың тоннаны құрады. Ал 1,7 мың га алқаптан жиналған бақша дақылдарының шығымы 25 мың тоннаны құрады.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар