Экономика 13.11.2018 сағат 12:11  290

Мал басын асылдандыру басты назарда

Ақ Жайық өңірі қазақтың ақбас сиырының, еділбай қойы, ақжайық етті-жүнді тұқымдарының, көшім жылқысының, бактриан түйесінің отаны болып табылады. Сол себепті облыста мал шаруашылығына басымдық беріліп отыр.

Мал басын асылдандыру басты назарда
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиевтың айтуынша, мал шаруашылығы Орал өңірінің барлық ауданында қарқынды дамуда. Әсіресе Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов және Қаратөбеде етті бағыттағы мал өсірілсе, облыс орталығына жақын орналасқан аудандар сүтті бағыттағы мал өсіруге ден қойып, сүт өнімдерін өңдеу бойынша жүйелі жұмыстануда.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша барлық санаттағы шаруашылық құрылымдарындағы асыл тұқымды малдың саны 43,7 мың басты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 8,9 мың басқа немесе 25,6%-ға артық. Соның ішінде өнімділігі етті бағыттағы мал 41,7 мың басқа жетіп, өсім 25,8% болып отыр.

Облыста асыл тұқымды мал өсіретін 213 шаруашылық бар. Соның ішінде ірі қарамен 170, қоймен 22, жылқымен 20 және түйе өсірумен 1 шаруашылық айналысып отыр. Егер жалпы мал басының ішіндегі асыл малдың үлес салмағына келсек, ол ірі қарада 8,1%-ды, қойда 3,6%-ды, жылқыда 6,1%-ды, түйеде 10,9%-ды құрайды екен.

Қолда бар малдың тұқымдық құрамын, сонымен қатар өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында облыста жаппай тауарлы аналық мал басына етті бағыттағы асыл тұқымды өндіргіш бұқалар қосу арқылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар атқарылуда. Осы бағдарлама аясында ағымдағы жылы 6,0 мың басқа жуық асыл тұқымды өндіргіш бұқалармен 143,7 мың бас (2016 жылы 127,7 мың бас, 2017 жылы 139 мың бас) тауарлы аналық мал басы қамтылып отыр. Бұл - республикамыздағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малының өнімділігі мен өнім сапасын арттыру мақсатында облыс көлемінде жеке табындарға 518 бас (414 бас) асыл тұқымды бұқалар қосылды.

Биыл мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 3,4 млр.теңге бөлінді, соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 3035,3 млн. теңге қаражат қаралған.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар