Экономика 30.01.2019 сағат 10:43

Ақышев банктердің жұмысын қадағалаудың жаңа тәсілін ұсынды

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстандағы банктер жұмысын қадағалаудың жаңа моделінің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақышев банктердің жұмысын қадағалаудың жаңа тәсілін ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Өткен жылы Ұлттық банкке дәлелді пайым негізінде тәуекелдерді қадағалауға мүмкіндік беретін заңнамалық база өзгертілді. Шындығында, банктердің жұмысын қадағалау парадигмасы өзгерді», - деді Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Данияр Ақышев атап өткендей, бұған дейін кейбір банктер бақылаушының тексерісі аралығында жұмыстарын жүргізген. Яғни, тексеру жұмыстарының арасындағы кезеңдерде дәйексіз есептер арқылы кейбір жайсыз жағдайлар айтылмай қалған. 

«Ендігі кезекте процестің негізі - тұрақты түрде қашықтықтан бақылау болмақ. 

Атап айтқанда, бизнес-модельдерді бағалау, корпоративті басқару, тәуекелдерді, капиталды, қаржыландыруды басқару жүйесі секілді процестер қадағаланады. Осы процестердің барлығы да тәуекел дәрежесіне қарай кешенді тексеруден өтеді», - деді Данияр Ақышев. 

Оның айтуына қарағанда, осындай мониторингтің көмегімен банктің ахуалына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп отырады. Тескерістің нәтижесіне қарай, қатаңдығы әртүрлі дәрежедегі, атап айтқанда кеңестерден бастап банк операцияларын шектеуге дейінгі шаралар қабылданатын болады. 

«Бұл әдістемені Ұлттық банк Rothschild инвестициялық компаниясымен және аудиторлық PricewaterhouseCoopers компаниясымен бірге әзірледі», - деді Данияр Ақышев.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар