Экономика 16.03.2019 сағат 08:33  158

Медицина қызметкерлерінің жалақысы биыл 30%-ға көтеріледі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жаңаөзендегі медициналық ғимараттарды аралап, ақ халаттылармен кездесті, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы биыл 30%-ға көтеріледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Министр алдымен, балалар ауруханасына барды. Ғимарат 95 кереует орынға есептелген. Тағы 30 орын қосуға мүмкіндік бар.

Одан соң, 2018 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылған Гемодиализ орталығын аралады. Нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қызмет көрсетеді.

Медицина қызметкерлері жалақыны арттыру мәселесіне қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ олар елді мекендерде мамандардың тапшылығын жеткізді.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап республикада 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетінін атап өтті.

«Айта кетейін, 90 мыңнан астам медбикенің жалақысы өсетін болады. Оның ішінде айлығы ең төмен саналатын медицина қызметкерлері мен орта деңгейдегі басқа қызметкерлер де бар. Сонымен қатар, «Бастауыш медициналық көмек көрсету жүйесіндегі» емхана дәрігерлері, акушер-гинекологтар, педиатрлар мен дәрігерлердің еңбекақысы артады. Бұл жұмыстар Елбасының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады», - деді Елжан Біртанов.

Қалалық ауруxана қызметкерлері Президент міндеттеген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар