Экономика 08.02.2016 сағат 11:46

Жаңаөзенде 300 миллион теңгеге мешіт салынып жатыр

Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт Жаңаөзен қаласында салынып жатыр. Құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған ғимаратқа кетіп жатқан қаражаттың барлығын жергілікті тұрғындар өздері жинап берген.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Халықтан жиналған ақшаны мақсатты түрде жұмсау үшін «Ынтымақ» қоры құрылған болатын. Алғашында қорға 79 миллион теңге жиналды. Бұл жергілікті тұрғындармен бірге «Қазмұнайгаз» жұмысшыларының садақасынан түскен ақша.

Жиналған қаражат мешіттің тек бірінші қабаты салуға ғана жеткен. Мұнан кейін құрылыс 2 жылға тоқтап, тек 2015 жылдың қазан айында ғана аталған қорға тағы 5,6 миллион теңге қаржы түсті. Бұл ақшаға мешіт ауласынан асхана салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі таңда демеушілердің көмегімен ғибадат үйінің екінші қабаты да салынып бітті. Мұнда неке бөлмесі мен балаларды оқытуға арналған дәрісханалар, қызметтік бөлмелер және намазғана орналаспақ.

«Бұл Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт болады. Егер Ақтаудағы орталық мешітке 1000 адам сыятын болса, мұнда бір мезетте 1,5 мың адам иық тіресіп тұрып, намазға жығыла алады. Қазіргі таңда құрылыс басында 25 адам жұмыс істеп жүр. Барлығы да өз еріктерімен келіп еңбек етуде. Айт намазына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз» дейді құрылыстың басы-қасында жүрген кәсіпкер Қошбай Қызанбаев.

Айта кетейік, мешітті толықтай салып бітіру үшін тағы 200 миллион теңгедей қаражат қажет.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар