$ 448.56  478.03  4.79

Қазақстан "отыздық" деп ұрандатып жүріп, "елуліктен" шығып қалды

Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру - басты мақсат деп ұрандатқан Қазақстан билігі енді бұл мақсатына жақын уақытта жете алмайтын секілді. Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлейтін рейтингте біздің ел бірден 11 сатыға төмендеп, 53-орынға дейін төмендеп түсіп кетті.

"Бәсекеге қабілетті елдердің жаһандық индексі" бойынша жасалған рейтингтің бірінші сатысын әзірге Швейцария ешкімге берер емес. Екінші орында - Сингапур, ал үздік үштікті АҚШ қорытындылап тұр. Алғашқы ондықта Нидерланды, Германия, Швеция, Жапония, Гонконг және Финляндия секілді өркениетті елдер бар.

Посткеңестік елдер арасында ең жоғары орында Эстония орналасқан - 30-орын. Мұнан кейін Литва (35) және Әзірбайжан (37) тұр. Былтыр бізден қалып қойған Ресей Федерациясы екі сатыға жоғарылап, 43-орынды иеленіпті. Тәжікстан - 77, Армения - 79, Украина - 85 және Қырғызстан 111-орында.

Айта кетейік, бәсекеге қабілетті елдердің тізімінде Қазақстан былтыр 140 елдің ішінде 42-орынға жайғасқан болатын. Бұған қанағаттанбаған ел билігі "отыздыққа" енуді мақсат етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары