Дәулет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Дәулет

Бесқарағай ауданы «Семей-Қоянбай» тас жолының 102-і шақырымында «КрАЗ» көлігі аударылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 тоннаға жуық мұнай өнімі төгілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Канадалықтардың үлкен делегациясы асыл тұқымды ірі қара малды сатуға арналған жыл сайынғы «Karasu Farm-2014» қазақстандық аукционына қатысатын болды деп хабарлайды Skifnews.kz.

Аграрлық өнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылай сауықтыруға бюджеттен бөлінген миллиардтаған теңгелер игерілмей қалу мүмкін. Бұл жайында ҰКП аграрлық өнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы Бауыржан Қасенов ҰКП өткізген баспасөз отырысында айтты, деп хабарлайды Skifnew.kz.

Облыстық аумақтық жер инспекциясының басшысы 4 млн. теңгені жымқырмақ болған сәтте қаржы полициясының қолына түсті, деп хабарлайды «31 телеарна».

Үстіміздегі жылғы 15 шілдеде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде сол елдің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстандағы кәсіпорындардың 70 пайызында кәсіподақтар жоқ. Бұл туралы бүгін Автомобиль және ауыл шаруашылығы машина құрылысы халықаралық кәсіподақтар бірлестігі кеңесінің отырысында ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

Бүгін Мемлекет басшысы шаруашылық базасында Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы жұмысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовпен және Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бүгінде қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері – 120 мың теңге шамасында. 30-40 мың теңгелік жалақыға күнелтіп, әлеуметтік тапшылыққа тап болып жүргендер жетіп-артылатын болса да Қазақстанда орташа жалақының көлемі әлгіндей. Осыдан кейін бұл қайдан шыққан дерек деп даурығатынымыз бар ғой. Даурығатын түк те жоқ. 30-40 мың емес, одан он есе, жүз емес, мың есе көп жалақы табатындар тұрғанда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы елдердің қатарына ене бермек.

Шілде айының 2-сі күні арнайы шара өтіп, онда Елбасы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің қорытындыларын тыңдайды. Шара барысында министрлер бағдарламаны сала-сала бойынша жіктеп баяндамалар жасауы тиіс. Сонымен бірге, телекөпір ұйымдастырылады деп күтілуде.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші